ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР АРМАНЫ АҚИҚАТҚА АЙНАЛДЫ Толығырақ

ТҮРКІСТАНДА ӨТКЕН ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІ

18:46, 14 қыркүйек 2018

Алдағы уақытта облыс орталығы Түркістанда өңірдегі түрлі ұлт өкілдерінің басын бір аранаға біріктіретін композициялық кешен бой тіктеуі мүмкін. Ол «Бірлік» аркасы деп аталады. Бұл туралы бүгін Түркістанда өткен Қазақстан халқының тілдері мен мәдениеті мерекесіне арналған «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» іс-шарасы кезінде айтылды. Тың ұсынысты өңірдегі Күрді мәдени бірлестігінің төрағасы тастады. Ұлттар арасындағы татулықты тұғырлы етуге бағытталған бастаманың қалай жүзеге асатынын алдағы уақыт айқындайды. Ал,салтанатты шара кезінде мемелекеттіктілдің мәртебесі артып, оның қолданыс аясын кеңейтуге тер төккендер марапатталды.

Тілдер мерекесіне арналған салтанатты шара облыстағы этномәдени бірлестіктердің қолөнер бұйымдары мен ұлттық аспаптарының көрмесімен басталды. Ол жерде өңірдегі барлық бірлестіктер өздерінің ұлттық болмыстарын баяндап, өздерініңана тілдерін дәріптеп бақты. Сонымен қатар, көрме кезінде өзге ұлт өкілдеріқазақ тілін қаншалықты меңгергендігін байқатты.

Арзу Гурбанова – Әзербайжан этно-мәдени бірлестігінің төрайымы

Ал,мемлекеттік тілдің мәртебесін биік еткен шара шымылдығы қазақстандықтардың берекелі бірлігін дәріптейтін «Шаңырақ» поэтикалық – хореграфиялық композициясымен түрілді. Ол туындыда бір шаңырақ астына топтасқан түрлі ұлт өкілдерінің тату-тәтті тұрмысы көрсетілді. Сонымен қатар, кеште өңірдегі өзге ұлт өкілдері қазақ тілінде ән шырқап, ана тілімізге ерекше құрмет көрсетті. Еске салып өтейік, тілдер фестивалі биыл Түркістанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Ұласбек Сәдібеков – Түркістан облысы әкімінің орынбасары

Сонымен қатар, салтанатты шара кезінде ана тілдің мерейін асырып жүрген бір топ азаматтар арнайы алғыс хаттармен марапатталады. Мерекелік шара кезінде мерейі тасығандар арасында Арыс қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басмаманы Айдын Молдасейітова да бар.

Айдын Молдасейітова - Арыс қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы

Тілдер мекесіне арналған шара соңы түрлі ұлт өкілдері қатысқан концерттік бағдарламаға ұласты.

М. ЖАРЫЛҚАСЫН                                                                   

 

Тақырып бойынша материалдар

 «АБЫЛАЙДЫҢ ҚАРА ЖОЛЫ» ЭКСПЕДИЦИЯСЫ –  ТҮРКІСТАНДА!
18:14, 24 қыркүйек 2018
«АБЫЛАЙДЫҢ ҚАРА ЖОЛЫ» ЭКСПЕДИЦИЯСЫ – ТҮРКІСТАНДА!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРОФЕССОР Д. САБЫРХАНОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
18:17, 18 қыркүйек 2018
ПРОФЕССОР Д. САБЫРХАНОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...
ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:20, 19 қыркүйек 2018
ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
 «НАЗАР ТЕКСТИЛЬ» ЖІП ИІРУ ЦЕХЫН АШПАҚШЫ
12:40, 18 қыркүйек 2018
«НАЗАР ТЕКСТИЛЬ» ЖІП ИІРУ ЦЕХЫН АШПАҚШЫ
Толығырақ...