ШҰҒЫЛ! АЛҒАШҚЫ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ Толығырақ

ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

12:24, 12 сәуір 2019

Түркістанда 7000 орынға лайықталған футбол алаңының құрылысы жүріп жатыр. Болашақта стадион шаһардағы заманауи озық үлгідегі ең сәулетті ғимараттардың бірі болмақ.

 Түркістандағы жүргізіліп жатқан мына құрылыс алаңының жалпы ауданы  36 500 шаршы метрді құрайды. Спорт кешенінде футбол, жаттығу алаңы мен жеңіл атлетикалық жүгіру жолдары  орналасады. Бұл нысанның салынуына «BI Group» ЖШС мен «Самұрық Қазына» АҚ  атсалысуда.

Рустем Илияс – жоба жетекшісі  

 Бүгінгі таңда Стадионның құрылысы жүріп жатыр. Кешеннің жалпы сыйымдылығы – 7000 орын. Стадион ғимаратында спортшыларға қажетті озық үлгідегі қажетті бөлмелер: мен жаттығу залдары болады. Құрылыстың салынуына 500-ден астам жұмысшы тартылған. Олардың басым бөлігі жергілікті тұрғындар. Стадион құрылысы 2019 жылдың 1 тоқсанында бастадық. 2020 жылы желтоқсанында тапсыратын боламыз.

 

 Қоғамның басты байлығы – адам және оның денсаулығы екенін ескерсек, бұл спорт кешені облыс тұрғындары үшін салауатты өмір салтын ұстануға сеп болмақ. Озық үлгідегі стадион алдағы уақытта спортсүйер қауымның орталығына айналады. Кешен пайдалануға берілсе, халықаралық, республикалық деңгейдегі жарыстар ұйымдастырылатын болады. Әзірге құрылыс жұмыстары тынымсыз жүріп жатыр.

Елбасының бұқаралық спортты 2020 жылға дейін 30 пайызға жеткізуді тапсырған болатын. Бүгінде бұл міндет қасиетті шаһарда жүзеге асу үстінде. Мына жұріп жастөқан нысанның құрылысы соның  көрінісі.  Спорт кешені алдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілетін болады.

М.ӘСЕМБЕК 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...