ШҰҒЫЛ! АУЫЛ-АЙМАҚТЫ ГАЗДАНДЫРУ ІСІНДЕ ШИКІЛІК КӨП Толығырақ

ТҮРКІСТАНДА СПОРТТЫҚ ТАУАРЛАР ДҮКЕНІ АШЫЛДЫ

18:27, 13 наурыз 2018

Түркістанда жаңа дүкен ашылды. Билік-бизнес әріптестігі негізінде бой тіктеген нысанда... қасиетті мекен тұрғындары үшін арзан бағамен... спорттық киімдер, жаттығу жабдықтары сатылады. Мемлекеттен несие алып, ісін дөңгелеткен кәсіпкер осы арқылы жерлестерінің салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етіп отыр.

Түркістан туристік әлеуеті, ішкі сауда айналымы жоғары шаһар болғанымен, мұнда  спорттық тауарлар дүкені жоқтың қасы еді. Ебін тапқандар базар ішінен нүкте алып, спорттық тауарлардың сұранысқа ие түрлерін ғана саудалайтын. Шымкент пен Кентауға сабылатын ағайынның қуанышын еселіп, енді міне, үлкен сауда орны ашылып отыр.

Жеке кәсіпкер 15 жылдан бері осы бизнестен табыс тапқан. Шағын кәсібі енді... үлкен бастамаға арқау болды. Несие алды. Жергілікті биліктің қолдауымен бұқаралық спортты дамытуға күш салмақшы.  

Сауда қатарындағы тауарлар көршілес Өзбекстан, Қырғызстан және Қытай елдерінен әкелінеді. Диллерлік шаруамен кәсіпкердің отбасы айналысады.  Атпал азаматтың игі бастамасына ел разы.

Қазір елімізде шағын және орта кәсіпкерлікке қолбайлау жоқ. Еңбек етемін деген азаматтарға қолдау мықты. Арнайы несиелер де қарастырылған. Тек соның көзін тауып, туған жер игілігіне жарата білу маңызды.

П.Биназарқызы                             

Тақырып бойынша материалдар

Куәліктерді қайта алу мерзімі 50-ден 15 күнге дейін қысқарды
11:24, 27 сәуір 2018
Куәліктерді қайта алу мерзімі 50-ден 15 күнге дейін қысқарды...
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ МӘЖІЛІСМЕНДЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
17:40, 26 сәуір 2018
ОБЛЫС ӘКІМІ МӘЖІЛІСМЕНДЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«АЙБЫН» ОБЛЫСТЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖИЫНЫНЫҢ  ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ
18:02, 20 сәуір 2018
«АЙБЫН» ОБЛЫСТЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖИЫНЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ
Толығырақ...