ШҰҒЫЛ! АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Толығырақ

ТҮРКІСТАНДА ТУРИСТІК ПОЛИЦИЯ ҚҰРЫЛДЫ

16:00, 16 мамыр 2019

Түркістанда туристік полиция бөлімі құрылды. Жаңа бөлім ішкі істер органдарын реформалау және «Жол картасын» іске асыру мақсатында облыстық полиция департаменті, көші-қон полициясы басқармасының жанынан жасақталып отыр.

 Туристік бөлімде 10 қызметкер жұмыс істейді. Олар арнайы киім, қажетті техника және құрал-жабдықтармен қамтылған. Сондай-ақ, туристік полиция қызметкерлері өздерінің кәсіби біліктілігімен қатар, туристер мен қарым-қатынас жасау үшін қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. Олар аймақтағы туристер ең көп баратын көрікті жерлер мен тарихи нысандар аумағында қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Отырардағы Арыстан баб кесенесінің маңында жұмыс істейді. Ал, ондағы мамандардың негізгі міндеті –өңірге келген туристер мен қонақтарды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, түрлі ақпараттармен бөлісу және саяхатшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Еліміздегі туризмнің тартымдылығын арттырып, халықаралық дәрежедегі беделін арттыру.

 Әбдіғани Сейдуалиев – Түркістан облыстық ПД басшысының орынбасары

Туристерге қарсы жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу және де заттары жоғалып қалған жағдайда осы біздің туристік полиция қызметкерлері тез арада көмек береді. Болашақта біз бұл қызметкерлерді тағыда оқуға жіберіп, тіл мамандығын жетік үйретеміз.

 

М. Жарылқасын 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАС ДӘРІГЕРЛЕР  КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
12:38, 17 шілде 2019
БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
Толығырақ...
СОЗАҚ ДИҚАНДАРЫ ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ ЭКСПОРТТАУДА
12:26, 18 шілде 2019
СОЗАҚ ДИҚАНДАРЫ ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ ЭКСПОРТТАУДА
Толығырақ...