ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ Толығырақ

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА АРБАТ АШЫЛДЫ

17:36, 11 қыркүйек 2019

Түркістанда жаңа арбат ашылды. Енді облыс орталығында халық серуендейтін жаңа демалыс орыны бар. Түрленіп келе жатқан рухани астананың жаңа мәдениет мекенінің ашылу салтанатына облыс әкімі арнайы келді.

 Халық саялайтын, таза ауамен тыныстайтын демалыс орнының ашылуына қала тұрғындары мен қонақтары да куә болды. Облыс  орталығына айналғанына бір жылдан аса уақыт өткен қалада бүгінде қаншама құрылыс нысандары бой көтеріп, жұмыс қарқынды түрде жүріп жатыр. Ал, арбат демалыс орны халыққа жайлы әрі көрікті жерлердің бірі болмақ. Нысанның ашылу салтанатында облыс басшысы Өмірзақ Естайұлы құттықтау тілегін білдіріп, қаланың әлі де қарқынды дами түсетіндігін атап өтті.

 Өмірзақ Шөкеев – Түркістан облысының әкімі

Арбат қала орталығындағы Тельман аялдамасында орналасқан. Бұрын шаңы шығып жататын жер күрделі жөндеуден өтіп, жаңарып қала тұрғындарының игілігіне пайдалануға берілді. Арбаттың ішінде фонтан және аллеялар бар. Сондай-ақ, жастардың сейіл құратын орындары жасақталған. 

 Жарылқасын Әзіретбергенов – Түркістан облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы

 Салтанатты кешке келген халық әртүрлі  музыкалық аспаптарда ойнаған музыканттар мен актерлердің өнерлеріне тәнті болды. Арбаттың атмосферасын көрсететін әлемдік, қазақстандық авторлардың музыкалық шығармалары қойылып, ішекті аспаптар квартеті және саксофоншылар өнерлерін көрсетті. Айта кетейік, жаңа арбаттың аумағы – 0,15 гектарды құрайды. Абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін жері тегістеліп, бетон қабаты құйылған. Гранит тастар төселіп,  аспалы метал құрастырылым қойылған. Көрік беріп тұру үшін түрлі - түсті шамдармен жарақтандырылған.

Нұрсұлтан   Әбдірашит                

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
17:42, 11 қараша 2019
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
Толығырақ...