ШҰҒЫЛ! ЕРСҰЛТАН МҰЗАППАРОВ "ӘЛЕМ БАРЫСЫ-2018" ТУРНИРІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ Толығырақ

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА БАЛАБАҚША ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК

20:06, 16 сәуір 2018

Түркістанда 280 орындық жаңа балабақшаның құрылысы аяқталды. Отырар мөлтекауданында орналасқан тәрбие нысаны... мамырдың 1-і -- Қазақстан халқы бірлігі күні қарсаңында пайдалануға берілмек. Бөбекжай Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынып отыр. Заманауи үлгіде жабдықталмақ.

Отырар мөлтекауданы жаңадан құрылғандықтан бұл маңда балабақша жоқ. Осыны ескерген жергілікті билік 568 миллион теңгеге жаңа бөбекжай салуға қаржы бөлді. Нәтижесінде бөбекжай еңсе тіктеп, 1 жылда пайдалануға берілмек.  

Нұрғали Дәуренбеков – «НышЕР» ЖШС директорының орынбасары

Қазір құрылыс мерзімінен бұрын аяқталып отыр. Жергілікті әкімдікпен бірлесіп, қажетті құрылғылардың барлығы орнатылды. 1000 түп ағаш отырғыздық. Шырша ағашын еккенбіз, көгеріп тұрсын деп. 12 балалар ойнайтын алаңшалар бар.

280 балаға лайықталған нысан толығымен бейнекамералармен қамтылған. Ең соңғы үлгіде бой көтерген балабақшада балғындар үшін қажетті құрылғылардың барлығы бар. Оқу проекторлары мен компьютер заманауи технология тілін әлден игеруге мүмкіндік бермек.

Қарлығаш Ерболатқызы – «Қарлығаш» балабақшасының меңгерушісі

Ең соңғы проектпен салынды. Ата-аналар балаларын кез-келген уақытта бейнекамера арқылы көре алады. Негізі 280 орынға лайықталған. Қазір 50 бала дайын. 3 топты толтырып отырмыз.Өрт қауіпсіздік шаралары да сақталған.

Балабақшаның ашылуымен жергілікті 74 азамат тұрақты жұмыспен қамтылады. Қалалық жұмыспен қамту бөлімінің жолдамасымен қазірдің өзінде мекемеге... 20 азамат келді.

П.Биназарқызы                             

Тақырып бойынша материалдар

ТҮЙЕ МЕН БИЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
17:58, 11 желтоқсан 2018
ТҮЙЕ МЕН БИЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
ИГЕРІЛМЕГЕН БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫ ҚАЙТАРЫЛАДЫ
17:52, 11 желтоқсан 2018
ИГЕРІЛМЕГЕН БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫ ҚАЙТАРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АДАМДЫ ТІРІДЕЙ КӨМГЕН ҚАСКӨЙЛЕР ҰСТАЛДЫ
17:56, 7 желтоқсан 2018
АДАМДЫ ТІРІДЕЙ КӨМГЕН ҚАСКӨЙЛЕР ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...
11 АЙДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ 5000 ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН
13:56, 6 желтоқсан 2018
11 АЙДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ 5000 ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛ...
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДЫ ТҮЛЕТУГЕ АҚСАҚАЛДАР ҮЛЕС ҚОСАДЫ
13:59, 6 желтоқсан 2018
ТҮРКІСТАНДЫ ТҮЛЕТУГЕ АҚСАҚАЛДАР ҮЛЕС ҚОСАДЫ
Толығырақ...