ШҰҒЫЛ! ТӨМЕНДЕТІЛГЕН ЖАҢА ТАРИФТЕР ЖАРИЯЛАНАДЫ Толығырақ

ТҮРКІСТАНДЫ ДАМЫТУҒА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ДА ҮЛЕС ҚОСАДЫ

14:06, 8 қараша 2018

«Азаматтық қоғам және мемлекет: диалог, әріптестік және жауапкершілік» Түркістан қаласында үкіметтік емес ұйымдардың облыстық VIII Азаматтық форумы осы тақырыпта өрбіді. Алқалы мәжілісте Үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы орны мен елді өркендету бағытындағы жұмысы айтылды.

Түркістан биыл қоғамдық саяси  оқиғалардың бел ортасында. Бұл тарихи шешім қоғамның барлық саласына тың серпін береді,-деді өңір басшысы. Қайта құрылған  облыс тың мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл ретте  үкіметтік емес ұйымдар да облысты өркендетуге атсалысқандары абзал.

Жансейіт Түймебаев – Түркістан облысының әкімі

Бүгінгі форумда елімізді, қасиетті Түркістанымызды түлететін, қоғамғ тың күш беретін ұлы бастамалар мен игі істердің негізі қаланады деп сенемін. Ал, үлкен істер осындай келелі басқосулардағы бастамалардан туындайтыны сөзсіз. Елбасы Жарлығына сәйкес, Түркістан облысы құрылып, оның орталығы болып Түркістан қаласы бекітілді

Түркістан облысында 738 қоғамдық бірлестік тіркелген. Аудан, қалалардағы үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жандандыру, қаржылай қолдау бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Қоғамдық саяси өмірде белсенділігімен көзге түсіп жүрген үкіметтік емес ұйым өкілдері  Алғысхаттармен марапатталды.

Бақытжан Нарымбетов – ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары

Азаматтық форум аясында әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің жеңімпаздары да жүлдеден қалыс қалмады. Бұл жәрмеңкеде бірінші орынды Қазығұрт ауданынан келген «Жалында жастар» қоғамдық бірлестігі жеңіп алды. Жеңімпазға 540 мың теңге  ақшалай сыйлық тапсырылды. Екінші, үшінші орын алғандар мен өзге қатысушыларға да сыйлықтар берілді. Жиын соңында  республикалық VIII азаматтық форумға баратын делегаттардың тізімі бекітілді.

П.БИНАЗАРҚЫЗЫ    

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
18:31, 20 қараша 2018
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС
11:39, 20 қараша 2018
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС
Толығырақ...