ШҰҒЫЛ! ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ? Толығырақ

ТҮРКІСТАНДЫ ӨСІРГЕН ӨСЕРБАЕВ...

12:56, 10 шілде 2019

Әкімдер келеді. Әкімдер кетеді.Осы аптада облысымызда бірқатар аудандардың әкімі ауысты. Олардың атқарған жұмысы, халыққа көрсеткен қызметі елдің есінде қалады. Түркістан қаласын қызметттік ғұмырында бір емес, бірнеше рет басқарған Әліпбек Өсербаев Ордабасы ауданының әкімі болып тағайындалды. Түркістан қаласының әкімі болып «Болашақтың» түлегі Рашид Аюпов бекітілді. Жас та болса бас болып жүрген, Қайрат Жолдыбай Шардара ауданының әкімі қызметіне кірісті. Ауыс-түйістен халық не күтеді? Әкімдер қандай ісімен ел есінде қалды? Әріптесім Гүлсанат қалмырзақызы тарқатып айтады.

Әліпбек Өсербаевтың Түркістан қаласының әкімі ретінде атқарған қызметін еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін жатқа біледі. Себебі, еліне етене жақын әкім... ел есінен шықпайды.  Өйткені, Өсербаев - Түркістанның  ой-шұқыры, ақсау тұсы мен артықшылығын жақсы біліп, саннан жағы жаңылмайтын білгір басшы еді. Өзгелер парақпен пайымдаса, Өсербаев ұшқыр ойымен халықтың мәселесін шешуге тырысты.

Сейілхан Саттарханов - Бекзат мөлтек ауданының төрағасы

Әліпбек Шәріпбекұлы қасиетті шаһарды бір емес үш мәрте тізгіндеді. Түркістанды түлету жолында аянбай тер төкті. Түркі жұртының тұмарындай болған киелі өңірдің кез келген саласын ұршықша иіріп, көптеген күрмеулі мәселелердің шешімін тапты.

Алтынбай Әлімбетов - Түркістан қаласының тұрғыны

Әліпбек Өсербаев - Түркістан облысы, Қызылқұм ауданы, Балтакөл ауылының тумасы. Шымкенттегі Қазақ химия-технологиялық институтын бітірген. Мамандығы - инженер-химик-технолог. Іскерлігінің арқасында елге оралып, түрлі басшылық қызметті абыроймен атқарды.

Данияр Өскенбаев - Түркістан қаласының тұрғыны

Бибіайша Саметова - Түркістан қаласының тұрғыны

Гүлзия Жұматаева - Түркістан қаласының тұрғыны

1 жыл. 13 күн. Әліпбек Өсербаевтың ең соңғы рет Түркістан қаласын басқарған осы мерзім ішінде оң өзгерістер бой көрсетті. Облыс орталығы Түркістанға ауысқан тарихи әрі сындарлы кезеңде Түркістан қаласының әкіміне және әкімдік құрылымдарына артылатын жауапкершілік жүгі ауыр еді. Экс әкім Түркістан қаласының Бас жоспарын тездетіп әзірлеуге күш салды. Заман талабына сай қаланың даму динамикасын одан әрі арттыруға қажетті бағыттарды жетілдірді. Тұрғындар мен туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қаланың инфрақұрылымын қалыптастырды. Түркі жұртына рухани орда саналған кенттің көркі көз тартарлық халге жетті. Сәулеті мен сәні келіскен ғимараттар бой көтере бастады. Сырттан инвестиция тартып, құрылысқа қарқын берді. Жаңа әлеу­­меттік, тұрғын үй  

және бас­қа да жобалар қарқынды түрде жү­зе­ге асырылып келеді. Әсіресе,  жол салу, мектеп құрылысы, жарық, ауызсу жүргізу тәрізді ауқымды шаралардың жүзеге асуына тікелей басшылық жасады.  Сондай-ақ, тұрғындарды баспанамен қамту ісін де оңтайлы жолмен шеше білді. 

Бағдаулет Алтынбекұлы - студент

 

 ЖАС КЕЛСЕ, ІСКЕ!

Жалпы соңғы бір жетіде өңірде бірқатар кадрлық ауыс-түйістер орын алды. Сәрсенбінің сәтті күні ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен облыс орталығы Түркістан қаласына әкім болып Рашид Абатұлы Аюпов тағайындалды. Басшы үшін ең басты мәселе – елдің есінде жақсы жағынан қалу. Қызметке абыроймен келіп, абыроймен кетудің өзі кез-келгеннің қолынан келе бермейді.

Рашид  Аюпов - Түркістан қаласының әкімі

Жастығына қарамастан, биліктің түрлі сатысы­нан өткен Аюпов «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Әр жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Премьер-министрдің кеңсесінде жұмыс істеген. Аюповтың қызметтік жолы Шымкенттің әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен тығыз байланысты. 2015 жылы Әбдірахымов Шымкентке әкім болып келген соң Аюпов әкім аппаратына басшылық жасады. 2017 жылы ол Әбдірахымовпен бірге елордаға, «Нұр Отан» партиясына кетті. 2018 жылы екеуі бірге Шымкентке қайтып оралды. Аюпов соңғы бір жылда «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына басшылық жасап келген еді.

Ал Түркістанға бұған дейін басшылық жасаған Әліпбек Өсербаев енді Ордабасы ауданының  әкімі. Халыққа қалтқысыз қызмет көрсету әкімдерге жүктелген міндет. Қос әкімге де жаңа қызметтерінде  «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» тиімді жұмыс істеудің шешімін көрсете алады деген үміт басым. Айтпақшы, күні кеше ғана Ордабасы орынтағында 1 жыл 4 ай мерзім отырған Қайрат Жолдыбайұлына Шардара ауданының тізгіні бұйырды. Туған жер топырағына қызмет ету бақыты нәсіп болған азамат бұған дейін де шағалалы аймақтың жергілікті билігінде әкім орынбасары қызметін атқарған. 

 ӘКІМ БОЛ, ХАЛҚЫҢА ЖАҚЫН БОЛ!

Әкім бол, халқыңа жақын бол! Кадр саясатының қадірін жақсы білетін көреген басшы Өмірзақ Естайұлының Түркістан облысына әкім болып келгеніне жарты жылдың жүзі. Көптiң көзi – көреген. Өңір тізгінін қолына алғанда халық Естайұлынан естияр еңбек күтті. Еңбекқор ұлына бұқара қуана құшақ жайды. Ел үміті ақталып жатыр. Жемісті күндер әлі алда! Ал, кадрлық ауыс-түйістер толқыны мұнымен тоқтамасы анық. Билік басына қоғам тыныштығы, халық ынтымағын ойлаған шын жанашыр шенеуніктер келсе екен! Халық тілегі, бұқара бұйымтайы осы.

Г. Қалмырзақызы                                                 

Тақырып бойынша материалдар

 ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
16:44, 9 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
16:16, 3 шілде 2020
ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
Толығырақ...
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
18:07, 3 шілде 2020
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...