ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

ТҮРКІСТАНДЫ ТҮЛЕТУГЕ АҚСАҚАЛДАР ҮЛЕС ҚОСАДЫ

13:59, 6 желтоқсан 2018

Түркістанда келер жылы 1 млн түп ағаш көшеті егіледі. Рухани шаһарды жасыл қалаға айналдыру бастамасын облыстық ақсақалдар алқасы қолға алып отыр. Облыс орталығын көгалдандыру ісіне аға буын қала тұрғындарын толықтай жұмылдырмақ.Атап айтқанда келер жылдан бастап қаладағы әрбір мөлтек аудан да учаскелік комитет төрағалары тағайындалып, олар өз аумақтарының тазалығымен тыныштығын бақылайды. Ақсақалдар алқасының бұл ісіне қала билігі де қолдау көрсетпек.

170 мыңнан астам тұрғыны бар Түркістанда 40 мың үй мен 900-дей көше бар. Алдағы уақытта сол көшелер 7 мөлтек ауданға бөлінеді. Сөйтіп,әр ауданға учаскелік комитет төрағасы, ал көшеге көше ағасы тағайындалады.Бүгінде ол жұмыстың барлығы халықтың дауыс беруі арқылы шешілген. Алдағы мақсатта айқын.

Жарылқасын Әзіретбергенов – Түркістан облыстық ақсақалдар алқасының  төрағасы

Түркістан облыстық ақсақалдаралқасы Түркістан қаласынан рухани жаңғыруды іс жүзінде жүзеге асырайық деген бастама көтерді. Түркістанды 7 мөлтек ауданға бөлдік. Оған төрағалар сайладық,орынбасарлар сайладық. Олардың барлығы бүгінде бөлмелермен қамтылған. Барлығынхалықтың өзі сайлады.

Қала тазалығы мен тәртібіне көңіл бөлген алқа мүшелері арнайы жол картасын әзірлепті. Оған сәйкес келер жылдан бастап, әрбір үй өз ауласына 2 ал мекемелер 10-15 тен ағаш көшетін отырғызуы керек. Сонымен қатар, оның өнуін де бақылауда ұстауы тиіс. Ол жұмыстың барлығын ақсақалдар кеңесі бақылап отырады. Ал, ағаштарды күтіп баптау ісіне қала билігі қолдан келгенше көмек көрсетеді.

 Ғани Рысбек – Түркістан қаласы әкімінің орынбасары

Мынау көшеге тал егіп қойды дейік оған су болмаса ол гүлденбейді ғой. Сондықтан қала әкімдігі күні бүгінде14 құдық қазылған.  Енді негізгі көшелерге тағы құдық қазып көшелерден су ағызып қоямыз.

Жергілікті билік бұдан басқа қала тазалығына ат салысқан азаматтарды ынталандыру ісін қарастырып жатқан көрінеді. Ол үшін келер жылы бірнеше номинация бойынша байқау ұйымдастырылмақ. Аталған шара аясында өзі тұрған жердің тазалығына үлес қосқандар сый – құрметке бөленеді.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҰЛТТЫҚ ҰЛАН – ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ҚАЛҚАНЫ
20:21, 24 мамыр 2019
ҰЛТТЫҚ ҰЛАН – ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ҚАЛҚАНЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
17:23, 22 мамыр 2019
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...