ШҰҒЫЛ! БІЗ ПАРА БЕРМЕЙМІЗ! Толығырақ

ТҮРКІСТАНДЫ ТҮТІН ТҰМШАЛАДЫ

18:55, 18 қараша 2019

Жылыту маусымы басталғалы Түркістанды көк тұтын тұмшалады. Бұған басты себеп - киелі шаһар тұрғындары әлі де қатты отынды пайдалануы. Бұдан бөлек, көмір жағатын жеке секторлардың көбі талап сақтамайтын болған. Әсіресе, қала ортасында орналасқан монша, жылыжай мұржалары стандардқа мүлдем сай емес. Осы мақсатта Облыстық экология департаменті заңды бұзғандарға тиісті шара жүргізіп, айыппұл салды.

Облыс орталығы атанғанына бір жылдан асқан Түркістан әлі де көк түтіннен құтылар емес. Тұрғындар  табиғи газ келем дегенше, осы лас ауаны жұтуға мәжбүр. Таңмен таласып, қас қарайғанда қалың қою қара тұманға айналатын бұл көрініс үйреншікті жағдайға айналғалы қашан.  Мамандар көзді  ашытып, тынысты тарылтатын экологиялық ақуал талап сақталмағандықтан болып отыр дейді.

Имангелді Түймебаев  - облыстық Экология департаментінің басшысы

Шаң 62 пайыз жоғары деңгейде тұр. Себебі бәрі көмір отынын пайдаланып отыр ғой. Енді осы жылдың аяғына дейін 60 пайызға дейін көмір отынын газге ауыстырады деген жоспарымыз бар. Біз қазір Түркістан қаласының өзінде кешкі уақытында ара райының деңгейі көтеріңкі ретінде бағаланып отыр. Коммуналдық шаруашылық, басқармаларымен бірігіп жұмыс істеудеміз. Барлық түсіндірме жұмыстарын,  қаланың ортасында мекеме басшылары бар. Олармен хат арқылы шығып жатырмыз. Баня бар олардың барлығы көмір қолданады. Біз оларға  газға ауыстыруға түсіндірме жасаудамыз.Арыз шағым түскен жағдайда тексерудеміз.

Экология департаментінің  зерттеген талдауына сүйенсек, күл шаңы 1,97 есе артық. Түтіннің құрамындағы күкірт, азот тотығы мен көмір қышқылы  сынды зиянды заттар  адам денсаулығына айтарлықтай кері әсерін тигізеді.  Қоршаған ортаға залал келтіріп отырған орындардың бірі монша.   

Экология мамандары бұған дейін түсіндірме жүргізіп, сотқа жолдапты. 

Имангелді Түймебаев  - облыстық Экология департаментінің басшысы

Қазір Түркістан қаласында 1 арыз шағым бойынша хать келіп түскен.Біз тексердік. Шынында экологиялық талаптар сақталмаған. Олардың мекемесі  магазин боп алынып, баня болып қолдануда. Көмір қолданған. Оларға біз 5500 теңге айыппұл салдық және 482 мың теңгедей  залал келтіргені үшін штраф салдық. Сотқа жолдап, тоқтатуға бердік. 

Бүгінде облыста Экология департаментінің жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында  Сарыағаш, Қазығұрт аудандарында талап сақтамаған 17 жылыжай анықталған. Жеке шаруа қожалықтары ескерген жөн: жылыжайларда қатты көмірді  жағу кезінде  қазандықтарда сүзгі қондырғысы болуы шарт. Болмаған жағдайда ірі көлемде айыппұл төлейтін болады.

М.ӘСЕМБЕК                                                                           

Тақырып бойынша материалдар

ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
13:11, 10 желтоқсан 2019
ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
Толығырақ...
13:10, 10 желтоқсан 2019
ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
13:10, 4 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
Толығырақ...