ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ Толығырақ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ «СЕРПІНДІКТЕРМЕН» КЕЗДЕСТІ

12:18, 1 қазан 2019

Шығыс Қазақстанға Түркістан облысынан келген топ Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде болды. Делегация мүшелері «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студент жастармен кездесті.

С.  Аманжолов атындағы  ШҚМУ-і,    еліміздің Шығыс аймағындағы алдыңғы қатарлы, ғылыми, әдістемелік жоғарғы оқу орындарының бірі болып есептеледі.  Қазіргі таңда  университетте  2300 –ге  жуық студент бар.   «Серпін» бағдарламасы аясында  818  студент  білім  алуда. 

Мұхтар Төлеген - С.  Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры

-Біз бірінші кезекте сапалы біліммен қамтамасыз етеміз. Ең бастысы,  студенттеріміз жатақханамен 100 пайыз қамтамасыз етілген.  Кез – келген жер ол біздің жеріміз. Келіп оқып, жұмыс жасау керек.
 

Университет білім берудің жаңа технологияларын кеңінен  пайдаланып отыр.  Оқу орны сонысымен  де  ерекшеледі. 2018 жылы  «Серпін» бағдарламасымен оқыған 134 студент  диплом алған екен.  Оның 60 пайызы ШҚО-да  тұрақтап қалған.  Тіпті, 18 студен  шаңырақ көтерген.  Солардың бірі - Ержан Биболов.

Ержан Биболов  - Өскемен қаласының тұрғыны

-Жағдайымыз жақсы.  Бірінші кезекте жергілікті жерлердегі студенттерге қарағанда бізді жатақханамен қамтамасыз етті. Шәкіртақыларымызды да дер кезінде беріп отырды. Қазір программист болып жұмыс істеп жатырмын.

С.  Аманжолов  атындағы ШҚМУ-і   23 мамандық бойынша  білім береді.  Оқу орны  кәсіби мықты кадрлармен жасақталған.  Бүгінде  университет түлектері  Қазақстанда, шетелдік компаниялардың  түрлі экономикалық салаларында  қызмет етуде.

Н. Әлімбаев                                            

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
17:42, 11 қараша 2019
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
Толығырақ...