ШҰҒЫЛ! АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Толығырақ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ТҮЛЕКТЕР БАНКЕТТЕН БАС ТАРТУДА

13:44, 16 мамыр 2019

Мектеп түлектері 9 күннен соң алтын ұясымен қоштасады. Бүгінде бітірушілердің дайындық кеші қызу жүруде. Бірі серуендейтін қымбат көлікке алдын ала тапсырыс берсе, енді бірі мейрамхананың дастарханын ойлап бас қатырып жүр. Алайда, түркістандық түлектер мұндай кештердің ұйымдастырылуын құп көрмейді. Керісінше, банкеттен бас тартып, рамазан айында жақсылық жасауға кірісіпті.

Бұл – Түркістан қаласы Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясының бітіруші түлектері.  ҰБТ мен әлек болғандар осылайша мыңдаған мектептен ерекшеленіп отыр. Бос мақтангершіліктен бас тартып, зәулім мейрамхана, лимузин мініп,  қымбат көйлек кимейміз дейді. Басқаларды да бос  шығынданбауға шақыруда.

Рахила Үрімова – Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясының директоры

 Мария Ибраева – Түркістан қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі

Бүгінде бұл мектеп қабырғасында бітіруші 82 оқушы бар. Оның ішінде ҰБТ-ға қазақ бөлімінен 88 пайызы күн-түн демей дайындалып жатыр. Ал, өзбек бітіруші сыныптардан 31 пайызы  тапсырмақ. Түлектер ата-аналарын бос шығынға батырғысы келмейді. Қасиетті аймен тұспа-түс келген кешті қайырымдылыққа арнаймыз деп отыр.

 Асылбек Ибадуллаев – Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясының бітіруші түлегі

Айзада Арғынбай – Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясының бітіруші түлегі

Мадина Әсембек – тілші

Есептеп көрейік, бітірушілердің серуенге шығатын қымбат көлігі орта есеппен 30 мың теңге болса, кешті ұйымдастыру мен мейрамхананы жалдау 300 000 мың теңгені құрайды. Ал, қыздардың  жарыса киген соңғы үлгідегі көйлегі  50 мыңнан жоғары болса,  макияж бен шаш үлгісі 10 теңгеден асады. Ал, кеш жақындай түскенде барлық салтанатты орындар мен сулулық салондары  екі есеге қымбаттап кететіні тағы бар....

Бір қызығы әлеуметтік желіде көптеген түлектер  түркістандық оқушылардың ісін құптап отыр. Ғаламторға жан-жақтан видеолар жіберуге кірісті. Қазірдің өзінде еліміздің 20-дан астап мектеп бітірушілері  кеш жасамайтынын жария етті. Бірақ....

 Иә, бірақ.... өмірде бір-ақ рет бітіріп жатырмыз. Сондықтан бізге ешкім тосқауыл қоя алмайды. Біздің бітіру кешіміз бәрінен керемет болуы керек дейтіндердің көбі ысырапшылдыққа жол береді. Асыл дінімізде мұндайларға не дейді?

Жүсіпбек Айдарбекұлы – Түркістан қаласының бас имамы

Естеріңізде болса, еліміздің бас ұстазы  түлектерді бос шығындалдан  аулақ болып,  мектеп қабырғасында  ерекше етіп  өткізуге шақырған. Және олардың ата-анасы мен ұстаздарына тікелей қадағалап, қауіпсіздігіне бірінші кезекте жауап беретінін ескертті.

Күләш Шамшидинова – ҚР ғылым және білім министрі

Өкінішке орай, бүгінде мектеп түлектері арасында бітіру кешін тойлаудан жарысып, сәнге айналды. Бұл ретте, ата-аналар мен мектеп ұстаздары балалардың қауіпсіздігін қадағалауы керек. Сондықтан біз мұндай кештерді тек қана мектеп аясында өткізуді ұсынамыз.  Қымбат көйлек, дастарханның бос шығыны ешкімге керек емес. Бітіру кеші сән көрсетумен өлшенбейді. Керісінше  бұл күн болашаққа үлкен қадам басып, ұстаз бен бала арасындағы естеліктер айтылатын сырласу кеші болуы керек. 

 Игі бастаманы өңірімізден әзірге ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясының бітіруші түлектері бастады. Соңғы қоңырауға 9 күн қалғанын ескерсек, бұл оқушылардың қатары артады деп сенеміз.  

М.ӘСЕМБЕК 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАС ДӘРІГЕРЛЕР  КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
12:38, 17 шілде 2019
БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
Толығырақ...
СОЗАҚ ДИҚАНДАРЫ ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ ЭКСПОРТТАУДА
12:26, 18 шілде 2019
СОЗАҚ ДИҚАНДАРЫ ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ ЭКСПОРТТАУДА
Толығырақ...