ШҰҒЫЛ! ӨЖЖ АППАРАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛАДЫ Толығырақ

ТҮРКІСТАНҒА 1-ЖЕЛТОҚСАННАН БАСТАП ӘУЕ РЕЙСТЕРІ ҰШАДЫ

13:32, 18 қараша 2020

Түркістанға 1-желтоқсаннан бастап әуе рейстері ұшады. Алғашқы болып Нұр-Сұлтан – Түркістан – Нұр-Сұлтан бағытындағы рейс орындалады. Бастапқы кезеңде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Түркістанға күн сайын рейстер орындау жоспарланып отыр. Рейстерді 3 қазақстандық «Fly Arystan», «SCAT» және «Qazaq Air» әуе компаниялары орындайды.

«Fly Arystan» әуе компаниясы бұл бағыттар бойынша әуе билеттерді сатуды бастады. Нұр-Сұлтан және Түркістан қалалары арасында «Fly Arystan» рейстеріне әуе билеттердің бағасы 6999 теңгеден және Алматы мен Түркістан қалалары арасында 5999 теңгеден басталады. Көне шахардағы әуежай қаладан 20 шақырым жерде орналасқан. Халықаралық әуежай заманауи технологияларды қолдана отырып, халықаралық стандарттарға сәйкес салынған. Әуежайдың жалпы ауданы – 905 гектар, ал жолаушылар терминалының ауданы – 10,5 мың шаршы метр. Алдағы уақытта Қазақстанның басқа да облыс орталығымен байланыс орнатылады. Сондай-ақ, Мекке мен Стамбулға рейстер ашу жоспарланған. Азаматтық авиация комитеті Түркістан қаласының әуежайына тұрақты рейстер ашу бойынша жұмыстар жүргізуде.

 

Е. Бөбеев                                         

Тақырып бойынша материалдар

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді
19:36, 27 қараша 2020
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар