ШҰҒЫЛ! ТӨМЕНДЕТІЛГЕН ЖАҢА ТАРИФТЕР ЖАРИЯЛАНАДЫ Толығырақ

ТҮРКІСТАНҒА ШЕТЕЛДІК ЖУРНАЛИСТЕР КЕЛДІ

10:25, 13 қыркүйек 2018

"Түркістан шаһары - орта ғасырдағы мәдениет пен руханиятты біздің заманымызға қаз қалпында жеткізген үлкен өркениеттің ордасы". Бұл - Түркістан облысына арнайы келіп, осындағы киелі жерлерді аралап көрген шетелдік бұқаралық ақпарат тұралдары өкілдерінің пікірі. Еске салып өтейік, бүгін облысымызға бір топ шетелдік басылымдардың тілшілері келіп, Арыстанбаб, Қожа Ахмет Ясауи кесенелеріне саяхат жасады. Ал, тұран даласының тарихымен танысып, тынысын бағамдау үшін осында табан тіреген журналистермен сапар соңында облыс әкімінің өзі кездесіп пікір алмасты.

Ұлыбритания, Италия, Индонезия, Китай, Корея және Польшадан келген 8 журналист Түркістан облысына жасағансапары барысында алдымен Арыстанбабкесенесінде болды. Ондағы көне жәдігердің архитектуралық ерекшелігі мен тарихимән-маңызы журналистердің қызығушылығын оятты. Мәселен Джон Наймен Ұлыбританиялықжурналист. Ол Қазақстанғаалғаш рет табан тіреп отыр. Оны басқадан бұрын орта ғасырлықсәулет өнерінің бүгінге дейін бұзылмай сақталғаны қатты таңғалдырыпты.

Джон Наймен  - журналист /Ұлыбритания/

Қазақстан жайлы теледидардан көріп, естігеніміз болмаса алғаш келуім. Тарихи-мәдениорындарды көзбен көріп, жан-дүниеңмен сезіну мүлде басқаша әсер береді. Менқазір оңтүстік кореядан шығатын халықаралық журналдың тілшісімін. Барған соңҚазақстан, оның ішінде Түркістандағы мына ғажап ғимараттар жайында міндеттітүрде жазатын боламын. Содан кейін шетелдіктер Қазақстан жайында көбірекбілетін болады. 

Одан кейін шетелдік журналистер Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кенесіне бас сұқты. Ішін аралап көрді. Әр бөлмеге бөгеліп, қызықтырған дүниелерге назар аударды. Кесене тарихын терең тани түсуге тырысты. Тайқазанның тамашасына таңдай қағып,таңырқаумен болды. Ал, одан  шыққан соң шетелдік меймандарды  этно ауылда ұлттық нақышта киінгенқыз-жігіттер күтіп алды.

Арнайы жайылған дастарханнан дәм татып, ұлттық тағамдардан ауыз тиді. Шұбат ішіп,бауырсақ жеді. Киіз үйдің құрылысымен танысты. Түркістан облысы аумағындағы тарихи орындардан алған әсерлерімен бөлісті.

Павлин Гаврилович - журналист  /Франция/

ОртаАзияға мен де алғаш келіп отырмын. Түркістандағы тарихи ескерткіштер маған өтеқатты ұнады. Бұл жердегі көріністің өзі бір ғажап. Жанға еркіндік, жүреккетыныштық сыйлайды. Керемет әсер алдым.

Шетелдік БАҚ өкілдеріне өңірде орын алып жатқан тарихи оқиғалары жайлы да ақпарат берілді. Ол туралы қонақтарға облыс әкімінің өзі баяндады. Журналистермен емен-жарқын отырып әңгіме дүкен құрған өңір басшысы 2 миллиондай тұрғыны бар өңіріміздің тарихи һәм экономикалық жағдайы туралы айтып берді.

Жансейіт  Түймебаев – Түркістан облысының әкімі

Түркістан облысы тарихи орындарға өте бай өңір. Соныменқатар біздің облыс Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан. Ал, Түркістан қаласыболса енді ғана жаңа мәртебеге ие болып отыр. Енді бұл қала жаңаша кейіпкеенетін болады.  

Түркі әлемінің рухани астанасы саналатын Түркістан шаһарының бай мәдениеті мен терең тарихы  және мұндағы киелі жерлердің кереметі шетелдікжурналистерге ерекше шабыт, ұмытылмас әсер сыйлады. Қазақстанға оның ішіндеТүркістан топырағына деген қызығушылығын оятты. Енді шетелдік белді  басылымдарда еліміз жайында ерекше дүниелер жарық көрмек. Ол осы жерге деген шетелдіктердің қызығушылығын оятып,  туристердің санын арттырады деген үміт басым.

 М. ЖАРЫЛҚАСЫН                                                             

Тақырып бойынша материалдар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
18:31, 20 қараша 2018
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС
11:39, 20 қараша 2018
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС
Толығырақ...