ШҰҒЫЛ! ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ТҮРКІСТАННЫҢ ПРОКУРОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

17:22, 1 қазан 2019

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Жаннұр Ахметбек Түркістан қаласының прокуроры болып тағайындалды. Жаңа басшыны облыстың прокуроры Нұрғалым Әбдіров қала активімен бірге қоғамдық ұйымдардың өкілдеріне және депутаттарға арнайы таныстырды.

Жиын барысында сөз алған Нұрғалым Мәжитұлы осы уақытқа дейін өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, Түркістан түлеген шақта қиыншылықтарға қарамастан еңбек еткен Руслан Абдраимовқа алғысын білдірді.  Ал, жаңа қызметке тағайындалған Жаннұр Асқарбекұлына жүйелі жұмыс жасауды тапсырып, ісіне сәттілік тіледі. Жиынды қорытындылаған қала әкімі Рашид Аюпов жұмылған жұдырықтай бірлесе облыс орталығының гүлденуіне атсалысуға шақырды. Айта кетейік, Жаннұр Асқарбекұлы Ахметбек – 3 қазан 1980 жылы Қостанай облысы Жангелді ауданында туған. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің заң факультетін бітірген. Сыныптық шені – кіші әділет кеңесшісі. Ол бұған дейін Түркістан облысы Түлкібас ауданының прокуроры болып кезмет еткен. Сонымен қатар, осы бұйрық негізінде Түлкібас ауданының прокуроры  болып Айдархан Жүнісбеков және Шардара ауданының прокуроры қызметіне Руслан Абдраимов тағайындалды.

М.ӘСЕМБЕК    

Тақырып бойынша материалдар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ
19:44, 22 қараша 2019
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар