ШҰҒЫЛ! ӨЖЖ АППАРАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛАДЫ Толығырақ

ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ

19:31, 16 қыркүйек 2020

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің клиникалық-диагностикалық орталығына Түркиядан гуманитарлық көмек келді. Медициналық құрал-жабдықтарды осы университеттің Өкілетті кеңесі жіберіп отыр.

Келген көмек негізінен медицина қызметкерлерінің қорғаныш құралдары мен тазалыққа қажет заттар. Жалпы құны 20 млн теңгенің төңірегінде. Мұндай  көмек бұл ұжымға биыл алғаш рет келіп отыр. Бұл орталықта 30 төсек орындық провизорлық орын ашылып 200 адам пневмониядан 133 адам коронавирустан емделді. Оның ішінде 15 дәрігер де бар. Дегенмен 26 тамыздан бастап бұл орталықтағы  ковид 19-бен ауырғандарды емдеген провизорлық орталық жабылды.

Осман Ажар- Қ.А.Ясауи атындағы клиникалық-диагностикалық орталығының бас дәрігері 

Қазіргі таңда бізде коронавируспен ауырған науқас жоқ. Біз қазір коронавирустың 2-ші толқынына дайындалып жатырмыз. Дәрі-дәрмектер қорын жинап жатырмыз. Қажет болса тағы да тапсырыс береміз.

 Н.Кенжехан

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді
19:36, 27 қараша 2020
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар