ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

ТҮРКИЯМЕН ҒЫЛЫМИ БАЙЛАНЫС АРТА БЕРЕДІ

11:50, 10 қаңтар 2019

Ақжолтай ақпар! Түркістан облысының 40 мұғалімі Түркияға аттанды. Мақсат - Анадолы елінің озық тәжірибесін үйрену. Облыстың бас ұстазы Исатай Сағындықов бір топ педагогтарды Шымкент әуежайынан шығарып салды.

Түркі тілдес, бауырлас екі елдің Қазақстан мен Түркия Республикасы арасындағы білім мен ғылым саласындағы байланыс арта түспек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің кезекті Жолдауында «Мұғалім мәртебесін көтеру» туралы тапсырма берген еді. Осы мақсатта Түркістан облысы әкімдігінің бастамасымен биыл екінші жыл өңірдің білім саласының қызметкерлері тәжірибе алмасу мақсатында  Түркия мемлекетіне жіберілуде. Өңірдің 16 ауданы мен қалаларынан үш тілді меңгерген 40 педагог пен бір жетекші Стамбул қаласына аттанады.

Сәбит Өтешов- Шардара ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы мектептің мұғалімі

Бес күндік жұмыс сапарында олар Анадолы халқының озық тәжірибесімен танысатын болады. Мұғалімдердің Стамбулға барып-қайту, жатын орны мен тамақтануы білім басқармасы тарапынан қаржыландырылады.

Исатай Сағындықов – Түркістан облысы білім басқармасының басшысы

Дәл осы сынды тәжірибе алмасу курстары жыл соңына дейін жалғасады.

Рабиға БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ                                            

Тақырып бойынша материалдар

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙМЕН КҮРЕС ҮЗДІКСІЗ ЖҮРУДЕ
13:25, 25 маусым 2019
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙМЕН КҮРЕС ҮЗДІКСІЗ ЖҮРУДЕ
Толығырақ...
ТҰРҒЫНДАР ТОЛЫҚ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ КӨШІРІЛДІ
12:16, 25 маусым 2019
ТҰРҒЫНДАР ТОЛЫҚ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ КӨШІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК  ҚОЛДАУ  ТЫҢ СЕРПІН БЕРІП ТҰР
11:56, 20 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ТЫҢ СЕРПІН БЕРІП ТҰР
Толығырақ...