ШҰҒЫЛ! ӘКІМ УӘДЕСІНДЕ ТҰРДЫ,ТҰРАНҒА АТ БАСЫН БҰРДЫ Толығырақ

ТҮРЛІ – ТҮСТІ ҚҰРТ ЖАСАЙДЫ

14:19, 14 ақпан 2020

Бәйдібек ауданында жергілікті тұрғын түрлі түсті құрт өндіруде. Бала кезінен әжесі мен анасынан әртүрлі сүт тағамдарын жасауды үйренген Назерке Әскер заман талабына сай кәсібін бастап, бүгінде жұмыссыз жүрген жастарға үлгі болуда, Ол аудандық кәсіпкерлік палатасына жас кәсіпкер ретінде тіркеліп, «Бастау-бизнес» жобасы бойынша арнайы курсты оқып шыққан. Арнайы сертификат алған соң, бизнес жоспар құрған. Оны арнайы комиссияда қорғап, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан 3 млн қайтарымсыз несиеге қол жеткізген.

Кәсіпкер қыз Назерке осы ауданға қарасты Жамбыл ауылында тұрады. Негізгі мамандығы -дәрігер. Алайда ол қазақтың қасиетті тағамдарының бірі – құртты заманауи негізде жасауды көптен бері армандап жүретін.  Қайсар қыз   мемлекет берген мүмкіндіктің арқасында   ол мақсатына  да қол жеткізе білді. Сөйтіп, ол алдымен   құрт өңдейтін және дөңгелек пішінде жасайтын аппараттар мен салқындатқыш құрылғы сатып алады. Қазіргі таңда ешқандай химиялық коспасыз таза табиғи түрлі түсті құрттың 10 түрін жасауда.

Назерке Әскер  - Кәсіпкер

Кәсібін   енді бастаған Назерке әзірге тек тапсырыстар арқылы ғана жұмыс істеуде. Өйткені, қыс ауасы болғандықтан сүт өнімдері тапшылау. Әйтсе де Назерке алдағы уақатта қосымша несие алып, оған сүтті сиырлар басын көбейтуді де мақсат тұтып отыр.  Сонда шикізат тапшылығы болмайды дейді.

Мұхтар Атабек Тілші

Бәйдібек ауданында    өткен жылы  «Бастау- бизнес» жобасы бойынша 390 азамат  арнайы курстан өтсе, бүгінгі таңда оның 239- ы өз ісін бастап кеткен.Бұл мақсатта арнайы мамандар еңбегінің  үлесі бары анық. 

Сылқымбек Спабеков - Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасы бәйдібек аудандық филиалының  директоры

Жалпы,  Бәйдібек ауданында орта және шағын кәсіпкерлік күн  өткен сайын  өркен жайып келеді. Өйткені,   мұнда   шаруаның қай түрімен айналысуға да   мүмкіндіктер  өте мол.  Ол үшін  тиісті сала мамандары бүгінгідей  қарқындарын төмендетпеуі тиіс.

М. Атабек   

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР ҚАРУ-ЖАРАҚ  ҰРЛАП  ҚАШҚАН
18:06, 20 ақпан 2020
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР ҚАРУ-ЖАРАҚ ҰРЛАП ҚАШҚАН
Толығырақ...
ШАҚПАҚТЫҚ ЖАСТАР ШАТАҚ ІСКЕ МҮЛДЕМ ЖОҚ
15:10, 17 ақпан 2020
ШАҚПАҚТЫҚ ЖАСТАР ШАТАҚ ІСКЕ МҮЛДЕМ ЖОҚ
Толығырақ...