ШҰҒЫЛ! ЕСКІ КӨЛІГІҢІЗДІ ӨТКІЗДІҢІЗ БЕ? Толығырақ

ТЫНЫС АЛУ ҚҰРЫЛҒЫСЫ ЖЕТКІЗІЛДІ

16:00, 4 тамыз 2020

Созақ аудандық ауруханасы тағы 8 оттегі концентраторы құрылғысымен толықты. Жаңа жабдықты «Казатомпром-SaUran» ЖШС жұмысшылары мен «Қыземшек» кенті тұрғындары, қайырымды жандар мен еріктілер бірлесіп алып берді.

Бүгінде пандемияға қарсы күресте жергілікті тұрғындар да аянып қалмауда.  Олар түрлі қайырымдылық шараларын  ұйымдастырып, емханаларға көмектесіп жатыр. «Жақыныңа жәрдемдес»  акциясы аясында  кәсіпкерлер мен еріктілер  бір миллион теңгеден астам қаржы жинап   арнайы құрылғы сатып алып берген.

Азамат Мырзағалиұлы  - ерікті

Володя Қыземшек волонтерлары үздіксіз жұмыс жасауда. Қазіргі таңда жұмыстар оң нәтиже беріп жатыр. Оның бірі 14 отбасыға айлық көрсеткіш есебінде 1 айлық продуты беріліп жатыр.

 Жиналған қаражатқа  барлығы 8 тыныс алу аппараты алынды.  5 аппарат "Таукент" емханасына табысталса,  Шолаққорғанға»-1, ал «Қыземшекке» -2 аппарат жекізілді. Мұндай қайырымдылық акцияға кәсіпкерлер де атсалысып жатыр. Мәселен, , «Степное-РУ» филиалының директоры Арнұр Жұмабекұлы өз қалтасынан 1 аппаратқа  қаражат қосып, бүгінде «Қыземшек» есханасы 3 құрылғымен толықты. Мамандардың айтуынша, бұл оттегі концентраторы қазіргі уақытта науқастарға ең қажетті дүние. 
Біржан  Қосауов  - «Қыземшек» дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері

Біздегі Казатомпорм Сауранның демеушілігіне соның арқасында ылғалды оттек жеткізетін науқастарға аппарат алып берді. Соған рахмет айтамыз. Бізге 3 аппарат келді. Келесіде тыныс жетіспеушілігімен түскен науқастарға толыққанды көмек көрсетеміз.

 Мұндай қайырымдылық акцияны ұйымдастырған барша тұрғындарға дәрігерлер алғысын білдіруде. Алдағы уақытта пневмониямен ауырған науқастарға толыққанды көмегімізді көрсетеміз дейді.  Карантин режмін сақтай отырып, жақындарымызға жанашыр болайық!

Айдана Әмірсейіт                                            

Тақырып бойынша материалдар

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ
19:03, 22 қазан 2020
ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
СУРЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ
18:49, 22 қазан 2020
СУРЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗЫҒЫ МЕН ШЫЖЫҒЫ
13:41, 16 қазан 2020
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗЫҒЫ МЕН ШЫЖЫҒЫ
Толығырақ...