ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ Толығырақ

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

12:45, 15 мамыр 2019

Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облыстық қоғамдық штабының мүшелері мен сенімді өкілдері үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда. Атап айтқанда штаб мүшелері күні кеше екі бірдей ұжыммен кездесті.

Атап айтқанда Түркістан индустриялды педагогикалық колледж ұжымымен қоғамдық тасымалмен айналысатын «Жолаушы» серіктестігінде болды. Жастармен мекеме қызметкерлері қатысқан жиында үміткер жақтастары Кемелұлының сайлауалды бағдарламасын жан-жақты түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, кездесуге облыстық мәслихат депутаттары да қатысты. Өз кезегінде олар да бұл жолғы сайлаудың ел ертеңі үшін маңызды екеніне тоқталып, жұртты саяси науқан кезінде белсенді болуға шақырды. Өйткені, бірлік пен ынтымақ жүрген жерде, ырыс бірге жүретіні, бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болатыны белгілі. Айтып өту керек, 9-маусым күні, «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтіп, ел халқы өз таңдауын жасайды. Бұл саяси - науқанның еліміздің демократиялық бағытта дамуына айтарлықтай үлес қосатыны анық. Әсіресе, бұл жолғы сайлаудан жақында ғана облыс орталығына айналған Түркістан қаласы тұрғындарының күтер жағымды жаңалығы көп.

Рахым Тәңірбергенов – Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Жолаушы» ЖШС құрылтайшысы

Құдай қаласа үш жылдан кейін Түркістанда бесжүз  мыңнан астам халық болады деп күтіліп отыр. Сондықтан болатын жаққа шығу керек.

М. Жарылқасын 

Тақырып бойынша материалдар

ШЕТЕЛДІК ЖУРНАЛИСТЕР  АЙМАҚТЫ АРАЛАУДА
16:34, 16 тамыз 2019
ШЕТЕЛДІК ЖУРНАЛИСТЕР АЙМАҚТЫ АРАЛАУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...