ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАБІЛЕТІ ЖОҒАРЫ АЗАМАТТАР РЕЗЕРВКЕ ҚОЙЫЛАДЫ

12:53, 19 қыркүйек 2019

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу басталды. Осы жұмыстың нәтижесінде «Алтын қор» жасақталмақ! Оған 35 жастан аспаған, жоғары білімі мен кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар барлық жас азаматтар қатыса алады. Бұл туралы журналистерге өткізген брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы Әли Көмекбаев мәлімдеді.

Елбасының жарлығымен 2019 жыл - жастар жылы деп жарияланды. Осыған орай, еліміз бойынша барлық салада жастарды қолдау саясаты жүргізілуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында елде Президенттік кадрлық резервті қалыптастыру қажеттігі туралы жариялады. Осылайша, белгілі бір салада өзіндік жетістіктері бар жас қазақстандықтардың жоғары мемлекеттік және атқарушы лауазымдарға тағайындалу мүмкіндігі пайда болды. 

Әли Көмекбаев -  ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы

-Резервке қосылуға ынталы азаматтар үшін бірнеше кезеңнен өтуі қажет. Кандидаттардың теориялық білімдерін тестілеу, көшбасшылық қасиеттерді, сыни ойлау деңгейін бағалайды. Эссе жазып, бір жоба қорғау керек болады. Содан соң, Президент әкімшілігінің сарапшылық комиссиясында әңгімелесуден өтуі керек. Осыдан-ақ, кадрлық резервтің маңыздылығын біле берсеңіз болады.

Президент тарапынан Қазақстанда алғаш рет дарынды жастарды қатарынан іріктелген азаматтарды басшы лауазымдарға тағайындау мүмкіндігі беріліп отыр. Оны қызмет сатысындағы үлкен мүмкіндік. Себебі, іріктеу кезеңдері шетелдік тәжірибені ескере отырып жасалған.

Анар Есенгельдина – ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры

-Резервте тұрған кадрлар кәсіби және тұлғалық тұрғыдан дамитын болады. Былтыр, Шымкенттен 11 адам құжат тапсырып, оның 7 өткен. 30 қазаннан бастап аптасын 3 рет ағылшын тілінен тегін сабақ өткізетін боламыз.

Ескерер жайт, кадрлық резервке қатысуға ниетті барлық жас қазақстандықтар 30 қыркүйекке дейін pkrezerv.kz  сайты арқылы тіркелуі тиіс. Тиісті құжаттарды үйден шықпай, интернеттің көмегімен оңай орындауға болады.

Р.Бақытжанқызы                                                                                

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...