ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ Толығырақ

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ АРЫСҚА КЕЛДІ

17:38, 11 қыркүйек 2019

Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын. Бүгінгі таңда жарылыстан зақым келген нысандардың 98 пайызы жөнделген. Үкімет басшысы Асқар Мамин кезекті жұмыс сапарымен Арыс қаласына келіп құрылыс қарқынымен танысты.

ҚР Премьер-министрі бастаған үкімет мүшелері алдымен Темірлан-Арыс-Шардара бағытындағы  жол бойынан салынып жатқан тұрғын-үйлерді аралап көрді. Қалалық Дендросаябақ аумағынан бой көтеріп жатқан бұл баспаналар  əскери қалашық маңында тұрып, жарылыс кезінде үйлері жарамсыз күйге түскен азаматтарға тапсырылатын болады.

Сондықтан жоба бойынша бұл аумақта 50 тұрғын үй салу жоспарланса,  бүгінгі күнге мұнда 10 баспана дайын тұр. Ал бұл жоба құрылысы Болат Өтемұратов қоры есебінен жүзеге асырылып жатса, шағын қалашыққа инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстары облыстық бюджет есебінен жүргізілуде.

Мұрат Қадірбек – Арыс қаласының әкімі

 әскери горнезонның жанында ескі үйлер болатын 1930-шы жылдары салынған. Барак типтес үйлер жарамсыз болап қалған. Енді сол жердегі 41 отбасыға осы үйлерді табыстаймыз.

А.Мамин сапар аясында  теміржол вокзалына да барды. Апат кезінде айтарлықтай зардап шеккен бұл нысанды жөндеу жұмыстарын "Самұрық Қазына" ҰƏҚ АҚ есебінен жүргізген. Нəтижесінде 1904 жылы салынып мемлекет қорғауына алынған вокзал ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары бүгінде толық аяқталып отыр. Бұл нысанға жұмсалған қаржы көлемі 400 млн тенгеден асады.

Арман Жетпісбаев -  «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма төрағасы 

Тарихи мұралардың тізіміне енгізілген 2013-ші жылы. Соның ішінде нақты көрсетілген паспортына сәйкес сол күйінде жөндеу жұмыстары жүрді. Келбеттері түгел сол күйінде сақталды.

Үкімет басшысы əрмен қарай  апаттан зардап шеккен қаланы қайта қалпына келтіру бағытында  облыстар мен аудан қалаларға жүктелген секторлардағы құрылыс барысымен де танысты. Бүгінде Арыс қаласын қайта қалпына келтіру шаралары аяқталуға жақын. Айталық қаладағы 15 секторға жауапты ретінде Алматы облысы бекітілген. Бұл секторда жалпы саны 854 жекелеген тұрғын  үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс болса,  қазір мұнда тиісті жұмыстарды межелі мерзімде аяқтау үшін құрылыс барысы қарқынды жүруде.

К. Дүйсенбі 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
20:30, 13 желтоқсан 2019
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Толығырақ...
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ –  ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН
20:26, 13 желтоқсан 2019
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
18:37, 10 желтоқсан 2019
ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
Толығырақ...
ЖАҢА КОЛЛЕДЖ ҒИМАРАТЫ БОЙ КӨТЕРДІ
16:33, 13 желтоқсан 2019
ЖАҢА КОЛЛЕДЖ ҒИМАРАТЫ БОЙ КӨТЕРДІ
Толығырақ...