ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ АРЫСТАҒЫ ҚҰРЫЛЫСТЫ ҚАРҚЫНДАТУДЫ ТАПСЫРДЫ

21:02, 18 шілде 2019

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Арыс қаласына барды. Өңірдегі жұмыстардың атқарылу барысын бағамдап, жағдаймен танысты. Үкімет басшысы Маңғыстау, Қостанай, Алматы облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына бекітілген секторлардағы соңғы мәліметтермен танысты. Тұрғындармен кездесіп, қалада жүріп жатқан жұмыстар бойынша пікірлесті.

Үкімет басшысының кезекті сапарында әрбір сектордың штаб басшылары атқарылып жатқан жұмыс барысын таныстырды. Қазіргі күнге дейін атқарылған істерге есеп берді. Күрделі жөндеуден өтіп жатқан №2 мектептің ауласында қала тұрғындармен, ақсақалдармен кездесіп, пікір алмасты.

Бүгінгі таңда Арыс қаласында 8408 жеке тұрғын үй мен 105 көп қабатты үй бар. Жарылыс салдарынан оның 7268 - іне зақым келгені анықталған. Үкімет басшысы сектордағы қайта күрделі жөндеуден өтіп жатқан тұрғын үйлер мен қайта соғу құрылысы қызып тұрған бірқатар нысандарды аралады. Соның бірі Қостанай облысы мен Сарыағаш ауданына тиесілі 16-сектор. Мұнда жарылыс зардабынан жарамсыз күйге түскен тұрғын үйдің қазіргі жағдайына қанықты. Сүріліп  тасталған ескі нысанға қайта қалпына келтіру  жұмыстары жүріп жатыр. Баспана иелері сектор жауаптыларына алғысын айтады.

Қалмахан Рүстембек – Арыс қаласының тұрғыны

 Арыс қаласындағы бірқатар нысандарды аралаған Үкімет басшысы әр секторға жауапты облыс өкілдеріне құрылыс жұмыстарын сапалы, қарқынды түрде жүзеге асыруды тапсырды.

Нұрсұлтан Мұхамеджанұлы         

Тақырып бойынша материалдар

50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
16:14, 4 тамыз 2020
50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
18:24, 28 шілде 2020
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
Толығырақ...