ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ ТАЛДЫҚОРҒАНҒА БАРДЫ

12:21, 26 наурыз 2019

Премьер министр Асқар Мамин Талдықорған қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты. Өңірде тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру және мұқтаж жандардың, оның ішінде көп балалы отбасылардың баспана мәселесін шешу бойынша шаралар қабылданып, іске асып жатыр.

 Биыл мамыр айында 230 пәтер пайдалануға берілмек.  Мұнан кейін көпбейінді ауруханаға соққан Үкімет басшысына аймақтағы медициналық ұйымдар желісін дамыту, мекемелерді цифрландыру және техникалық жарақтандыру, сонымен қатар кадрлық әлеуетін арттыру секілді мәселелер баяндалды. Асқар Мамин Алматы облысындағы алты индустриялық аймақтың даму жобасымен де танысты. Құрылыс 2020-жылы аяқталады. Индустриялық аймақта 300-ден астам кәсіпорын орналасады. 8 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Мұнан соң Үкімет басшысы селден және су тасқыны қаупінен қорғану жобаларының іске асырылу барысын тексерді. Қазір көпір құрылымын қорғау мақсатында еріген қар суларын өткізу үшін өзен арнасы бойымен жағаны бекіту жұмыстары аяқталыпты. Төтенше жағдайларды ескерту және алдын алу шараларына да ерекше көңіл бөлінген. Премьер-Министр Орталық Азиядағы аса ірі «Нұр жолы» өткізу пунктіне де барды. 2018-жылдың қыркүйек айынан бастап шекарадан кідіріссіз өту үшін жаңа инновациялық технологиялар енгізілді. Соның арқасында бекеттен өтетін көліктер саны артты.  Жүк көлігін тексеріп өткізу уақыты 40 минутқа дейін қысқартылды. Жұмыс сапары аясында Асқар Мамин «Қорғас» Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығына барды. Премьер-Министрге аумақтағы келушілерді, тауарлар мен көлік құралдарының қозғалысын есепке алу мен бақылаудың автоматтандырылған жүйесі таныстырылды.

Тақырып бойынша материалдар

СОТ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗЫН ТЫҢДАДЫ
19:36, 22 қазан 2019
СОТ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗЫН ТЫҢДАДЫ
Толығырақ...
«Менің туым – менің Отаным» акциясы басталды
19:09, 22 қазан 2019
«Менің туым – менің Отаным» акциясы басталды
Толығырақ...
ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ
19:06, 22 қазан 2019
ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...