ШҰҒЫЛ! АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Толығырақ

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫ

19:24, 26 наурыз 2019

Ұлттық банкке қосымша өкілеттіктер берілмек. Бүгін Үкімет пен еліміздің басты қаржы ұйымы арасында келісімге қол қойылды. Оған сәйкес елдің макроэкономикасын басқаруда тығыз әріптестік орнап, негізгі 10 міндет айқындалды. Осылайша саусақ бірікпей ине ілікпес деген ұстанымды ұстанған олар базалық ставканың мөлшерін сол күйінде сақтап, инфляция деңгейін төмендетіп, теңге бағамының болжамын арттыруды көздеп отыр. Қаржы саласындағы елеулі өзгерістер жайлы тілшіміз Шерхан Жамбылұлы әңгімелейді.

Бас қаланың атауы Нұр-сұлтан болып ауысқаннан кейінгі Үкіметтің алғашқы отырысы кадрлық тағайындау, жаңа лауазым иелерін таныстырудан басталды.

Үкімет қаулысымен Қойшыбаев Ғалымжан Тельманұлы Премьер-министр кеңсесінің басшысы болып тағайындалды

 Одан кейін сөз тізгінін еліміздің бас банкирі Ерболат Досаев алды. Ол үкімет пен Ұлттық банк арасындағы келісім туралы кеңінен айтып, негізгі міндеттерге тоқталды. Қаржы ұйымы бірлескен жұмыстың арқасында алдағы 2 жылда инфляция деңгейін 4-6 пайыз арасында сақтауды көздеп отыр. Ал 2022 жылдан бастап оны 3-5 процентке төмендету жоспары бар.

ЕРБОЛАТ ДОСАЕВ  ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Инфляцияның белгіленген нысаналы дәліздің шегінен шығу тәуекелдері күшейген кезде ақша-кредит саясаты қатаңдатылуы мүмкін

АСҚАР МАМИН ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ  

Бұл бірлескен жұмыстың жаңа форматы деп айтуға болады. Экономикалық өсуге жәрдемдесуге өзара іс-қимыл белгіленді. Келісім іске асуының арқасында экономикалық сапалы өсім және халықтың тұрмыс сапасын арттыру қамтамасыз етіледі.

Ұлттық банкке алдағы уақытта ломбард, онлайн несие, жедел ақша секілді банктік емес ұйымдардың жұмысын реттеп, қадағалау құзыры берілмек. Осылайша мемлекет қарапайым тұрғындарды олардың қулығынан сақтап қалуды көздейді. Өйткені мұндай несие мекемелері азаматтардың қаржылық сауатсыздығын пайдаланып, қарыз ақшаларына мың пайызға дейін үстемақы қосады екен.

 

Тақырып бойынша материалдар

ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ АЛУ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
12:30, 18 шілде 2019
ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ АЛУ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
Толығырақ...
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
12:28, 18 шілде 2019
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
17:59, 16 шілде 2019
4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
14:23, 12 шілде 2019
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
Толығырақ...
БАС ДӘРІГЕРЛЕР  КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
12:38, 17 шілде 2019
БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
Толығырақ...