ҰҚК террорлық әрекетпен күресетін жаңа әдіс ойлап тапты

Терроризмге қарсы күрес – қоғамның қай тобы болмасын, баршаға тиген үлес. Арыста осы бағыттағы жұмыстар таразыға салынды. Лаңкестік шабуылдан қорғану, оны болдырмау аясында халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізген Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері енді осал ғимараттарды тексеруге кірісті.

17:47, 11 тамыз 2017   143

     Террорлық әрекет – зорлық-зомбылық пен сыртқы күштердің араласуынан жүзеге асқандықтан, жоспарлы іс тез аяқталуы қажет. Мұндай жағдайда арам пиғылдылар, ең алдымен, жаппай шабуыл мен ғимараттардың жарылысын көздеп отырады. Осыны ескерген Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері құқық қорғау органдарымен бірлесіп, иесіз нысандарды түгендеуден бастады. 

ТҰРМАХАН КЕНЖЕБЕК – АРЫС АІІБ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ

  • Террорлық әрекет барысында осал болуы мүмкін деген ғимараттарды анықтау қажет. Оларды қайта жөндеуден өткізу қажет. Сонымен қатар, заманауи инженерлік техникамен қамтамсыз ету қажет. Осыларды басты міндет етіп отырмыз.

     Лаңкестік арбау әскери дайындыққа тәуелді емес. Оған діни сауаты төмен кез-келген азамат түсіп қалуы мүмкін. Сондықтан, діни білімді жетілдіруді, ең алдымен, оң-солын ажырата алмай жүрген жастардан бастау қажет. Сол себепті, сарыағаштық медресе оқытушылары 11-сыныпты бітіріп, оқуға түсе алмағандарды  бос сенделмей, медресе-колледжде оқуға шақырды.

АЗАМАТ АБДУРАСЫЛҰЛЫ – САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ

  • Әрбір ұстаз-оқушыларға құлағдар етуге келдік. Діни сауаттылығын арттырам деген кез-келген 11 сыныпты бітірген мектеп түлегі бізге келіп оқи алады. Бізде барлық жағдай жасалған. Жатақханамен қамтылған. Ас-су да, оқу да тегін. Барлығын шақырамыз!

     Білімі жетік адам өзіне қашанда сенімді болады. Қиын-қыстау кезеңде де сабырлы шешім қабылдайды. Соғыссыз, бейбіт елдің баянды болашағы – білімді жастардың қолында, сақ һәм байыпты тұрғындардың қолында екенін ұмытпайық!

АЙЗАТ Бауыржанқызы

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасының ресми сайты

160000, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 20 үй Байланыс телефондары: 8 (7252) 53-62-07