ШҰҒЫЛ! ТӨМЕНДЕТІЛГЕН ЖАҢА ТАРИФТЕР ЖАРИЯЛАНАДЫ Толығырақ

ҰЛАҒАТТЫҚТАРДЫҢ ЖАНАЙҚАЙЫ НЕГЕ ҚАЛА БИЛІГІНЕ ЖЕТПЕЙ ЖҮР?

14:10, 8 қараша 2018

«Шымкент қаласының іргесінде отырып «өгей» баланың күйін кештік». Бұл арнамызға арызданып келген Ұлағаттық ағайынның жанайқайы. Машат атты орталық көшеге шағалтас осыдан бес жыл бұрын төселген. Сол уақыттан бері жауын жауса ұлағаттықтар батпаққа белшесінен бататын көрінеді.

«Үшінші мегаполис атанған Шымкент шын мәнінде өз атауына лайық болуы керек. Қаланың іргесінде отырып тасжолға жарымау – ұят.» Осылай деп ашынған ұлағаттық ағайынның мәселесі арыдан басталады. 2013 жылы Машат көшесіне шағалтас төселіп, сығымдалғанда көп қуанып еді. Алайда, көптің көңілі әлі күнге дейін күпті. Көшенің басына ғана төселген асфальт соңына жетпей қалып қойған.

Ғани Дайырбеков – Шымкент қаласының тұрғыны

-Осыдан 5 алдын көшеге тас төсеп кеткен. басы мен аяғына төселген асфальт көшенің ортасына келіп аяқсыз тастап кетті. Бұл Машат орталық көше. Ал бізден кейінгі көшелердің бәрінде асфальт бар.

Жығылғанға жұдырық. Машат көшесінің су мен газдың құбырын жердің астынан өткізген коммуналдық қызмет мамандары  тегіс жолдың өзін жарамсыз еткен. Ойдым-ойдымы шыққан жол жауын жауса жергілікті тұрғындарды әбігерге салады. Бұл аз десеңіз, аялдамаға жету үшін тұрғындар 1 шақырым жерді жаяу жүруіне тура келеді. Әсіресе, оқушыларға қиын дейді. Таңертең  және кешкі уақытта қараңғы. Көше жарықтандырылмаған. Сол себепті балалардың қауіпсіздігіне алаңдаулы.

Тамара Ахметова -Шымкент қаласының тұрғыны

-50 жыл болды жағдай осы. Қаәзір немере, шөберелер мектепке барады. Мешітке дейін жаяу барамыз. Бір адам күтіп, мешіт жақтан шығарып саламыз. Мектеп алды даярлық тобына барады. Қиын. Мектеп саламыз деп еді. Мектеп те басқасы да жоқ.

Мәселені шешуге жауапты сала мамандары әлі де асығар емес. «Биыл газ құбырларын жер астынанан жүргізген  болса, келер жылы кәріз жүйесі жүргізіледі»,- деп отыр.

Нұрлан Бектұрсынов – Шымкент қалалық энергетика және тұрғын үй шаруашылық  басқармасы басшысының орынбасары

-Кезең-кезеңімен қарастырамыз. Шымкент үлкен. Одан да басқа мәселелер бар. Ол жердің адам саны мен ол көшеден транспорт жүреді ме, соны тексеруіміз қажет.

Тұрғындар жауаптылардың жайбасарлығына таңдай қағып отыр. Себебі, ең үлкен орталықтағы негізгі көшенің асфальттанбай қалып қойғанын коммуналшылар да түсіндіріп бере алмаған. Енді қанша уақыт күту қажет?- деген сұрақтың да басы ашық қалды.

Сөйтіп қала әкімдігі бастаған жолды ортасынан тастап кетіп отыр. Не себепті бастағанын және тастап кетуге қандай жағдай мәжбүр еткеніне жауап беретін шенеунік әзірге табылмай тұр. 

Р.БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ      

Тақырып бойынша материалдар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
18:31, 20 қараша 2018
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС
11:39, 20 қараша 2018
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС
Толығырақ...