ШҰҒЫЛ! АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Толығырақ

ҮЛГІЛІ ОТБАСЫ – ҚОҒАМ ТІРЕГІ

13:46, 16 мамыр 2019

«Үлгілі отбасы – қоғам тірегі». Осындай атаумен облыстық жастар ресурстық орталығында жиын өтті. Халықаралық отбасы күніне орай ұйымдастырылған шараның мақсаты еліміздегі отбасы институтын нығайту, беделін көтеру. Алқалы жиында ұлттық құндылықтарымызбен бірге салт-дәстүрді жас жанұялардың бойына сіңіру қажеттігі айтылды.

Отбасы – Отан тірегі, елдің жүрегі. Халық арасында кіші мемлекет болып есептелетін жанұяның татулығы бүгінде басты назарда. Сондықтан да көпті білгеннен емес, көпті көргеннен сұра дегендей келген жас шаңырақ иелері алдыңғы буынның ақыл кеңесін тыңдады. Көкейдегі сұрақтарына тұщымды жауаптарын да алды.

Қалипа Атемова – педагогика ғылымдарының докторы

Мұндағы негізгі мақсат ажырасудың алдын алу. Жас отбасыларына бақытты отбасын құруға ақыл кеңес беру. Отбасын құруға, отбасыда туындаған мәселелерді шешуге бағыт бағдар беру және ақпаратттандыру мәселесі көтеріліп жатыр.  

Мамандардың сөзіне сүйенсек елімізге жаһандану кері әсер беруде. Өйткені жастар «ұлттық құндылықтарды ұлықтаудан гөрі, европаға еліктеуге құмар». Сондықтан да халық арасында ажырасу күрт көбейген. Барлық мамандардың айтары бір.  Бұл дерттің алдын алу үшін жанұя құндылықтарын салт-дәстүрімізбен сабақтастыру керек.

 Дүйсенкүл Жамбылова – Түркістан облыстық Аналар кеңесінің төрайымы

Біз қазақ халқы мұсылман халқы отбасымызды сақтау үшін нық қылып орнықтыру үшін салт-дәстүрімізді білуіміз керек. «Отан - отбасынан басталады» деген нақыл сөз текке айтылмаған. Себебі біз үлкен Қазақстан мемлекетінде тұрып жататын болсақ Соның ішінен құрылып жатқан қаншама жас отаулар. Сол отаулар кішкентай мемлекет болып есептеледі.

 Шараға арнайы қатысуға келгендердің бірі Сатыбалды жанұясы. Жас отбасы Отырар ауданының тұрғындары. 2017 жылы шаңырақ көтерген. Бүгінде Қырмызы есімді қыздары бар. Отағасы Бағланның айтуынша бұл жиынның жастарға берері мол. Өйткені алдыңғы буынның ақыл кеңесі бақыт кілті секілді. Жас жанұяның бақытқа бастар жолына бағдар береді.

Сатыбалды жанұясы

3494 зиялы қауыммен кездесіп Түркістанда жақсы әңгіме өрбіді. Сол кісілердің өмір жолымен таныстық. Жақсыда мәнді сөздерімен бөлісті.

Бабалар  салған сара жолмен жүріп, ұлттық салт-дәстүрімізді бойға сіңірсек, еліміздің ертеңі ерен болмақ.

О.Қасымбеков                                                                              

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАС ДӘРІГЕРЛЕР  КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
12:38, 17 шілде 2019
БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
Толығырақ...
СОЗАҚ ДИҚАНДАРЫ ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ ЭКСПОРТТАУДА
12:26, 18 шілде 2019
СОЗАҚ ДИҚАНДАРЫ ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ ЭКСПОРТТАУДА
Толығырақ...