ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ Толығырақ

ҰЛТ САУЛЫҒЫ –БОЛАШАҒЫМЫЗДЫҢ НЕГІЗІ

17:37, 14 маусым 2019

Қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – Елбасы саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде халыққа заманға сай қолжетімді әрі сапалы медициналық қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалған. Бұл даму үдерісінде ақ халаттылардың үлесі орасан зор -, дейді «Қарабастау» дәрігерлік – амбулаториясының дәрігері Рахила Оңалбекқызы. Мереке қарсаңында тәжірибелі маманмен тілдесіп қайтқан тілші әңгімесінде толығырақ.

 Бұл «№7 қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының «Қарабастау» дәрігерлік-амбулаториясы. Мұнда 20-дан аса маман науқастарға қызмет көрсетеді. Рахила Бегалиева осы салада еңбек етіп жүргеніне 18 жыл болыпты.  Осынша уақыт ішінде өзінің берген антына, алдына қойған мақсатына адал екенін сан мәрте дәлелдеді. Қажырлы маманның атқарған жұмысы мемлекет тарапынан еленіп, бірнеше рет құрмет төрінен көрінді.

Рахила Бегалиева - «№7 қалалық емханасы»  «Қарабастау» дәрігерлік-амбулаториясының жалпы тәжірибелі дәрігері

 Қазақ-түрік  университетінің  медицина факультетін  бітірдім. Еңбек  жолын  2001  жылы бастадым. Ең  бірінші  Сайрам  аудандық  «Жұлдыз» амбулаториялық  емханасынан  бастадым.   2011 жылдан   бастап  біз  қалаға  қосылып, 7 –қалалық  емханада  дәрігер  болып  жұмыс жасап келе  жатырмын 

 Шымкент қаласында «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың «2016-2019 жылдарға арналған  «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы сәтті іске асып жатыр. Қазіргі таңда медициналық Цифрландыру ісі мықтап қолға алынған. Рахила Оңалбекқызы қағазбастылықтан арылып, бар уақытын науқастарға бөлетінін айтады.

Рахила Бегалиева - «№7 қалалық емханасы» «Қарабастау» дәрігерлік-амбулаториясының жалпы тәжірибелі дәрігері

Қазір  медициналық  цифрландыру  бойынша    жұмыс жасап жатырмыз.  Артықшылығы – дәрігерлерге  де  өте ыңғайлы.   Уақыт  үнемдейді.  

Ұлт денсаулығын жақсарту бағытында медицина саласына үлкен мақсат-міндет қойылған. Әр емдеу мекемесі соның үдесінен шығуға барынша талпынып жатыр.

Ә. Дәулетбекқызы                                                            

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
17:42, 11 қараша 2019
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
Толығырақ...