ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

ҰЛТТЫҚ БАНК ҰЙҒАРЫМЫ: БАҒА ТҰРАҚТЫ

20:00, 15 қараша 2019

Жыл басынан бері Түркістан облысы аумағында инфлияция деңгейі 1 пайыздан аспаған. Бұл туралы Ұлттық банктің өңірдегі өкілдері мәлімдеді. Сонымен қатар қаржы ұйымының мамандары биыла базардағы бағаның да шектік деңгейден аспағанын айтады. Ұлттық валюта күні қарсаңында Ұлттық банктің Түркістан облыстық бөлімшесіне барып, төл теңгенің тұғыры мен бағаның бағамын біліп қайтқан тілші тарқатады.

Өңірдегі қаржы саясатын қамтамасыз етіп, бағаға маниторинг жасап отырған Ұлттық банктің Түркістан филиалындағы мамандар қазір базардағы азық-түлік бағасына алаңдауға негіз жоқ дейді. Себебі, айына екі рет сауда нүктелеріндегі нарыққа талдау жүргізетін қаржыгерлер бағаның шарықтағанын байқамаған.

Гүлнар Жаханова – ҚР Ұлттық банкінің Түркістан облыстық филиалының бөлім басшысы

Бұл ретте әкімшілік жақсы жұмыс істеп отыр. Бірнеше рет жәрмеңке ұйымдастырды. Кәсіпкерлермен жұмыс жүргізеді. Стык біздің өзіміздің межеміз бар. әр ай сайын бағаның өзгеруін қадағалап оны ұлттық Банкке жіберіп отырамыз.  

Баға мәселесі тұрақты болғанымен бізде екінші деңгейлі банктерге қатысты мәселе көп көрінеді. Оған мысал Ұлттық банкке тұрғындар тарапынан келетін арыз-шағымның көптігі мысал болады. Статистикаға сүйенсек жыл басынан бері әлеуметтік желілер мен жазбаша және қоғамдық қабылдаулар арқылы 2223 өтініш түскен. Олардың басым бөлігі екінші деңгейлі қаржы ұйымдарына қатысты болған. Сол арыздар негізінде елдегі аталмыш қаржы институттарына 3 рет әкімшілік айыппұл салынып, 142 жағдайда ұлттық банк тарапынан түрлі жағдайдағы ықпал ету шаралары қолданылған.  

Ұлжан Егемова -  ҚР Ұлттық банкінің Түркістан облыстық филиалының жетекші маманы

Тұтынушылар өздері алып жатқан кредиттің ақпаратын толық алмай алады. Содан ары қарай міндеттемелерді орындамағандықтан осындай шағымдар келіп жатады. Және колекторлық қызметкерлерге өте көп шағымдар келіп жатады. Біз фейзбук, инстраграмм және басқа желілерге шығып тұрғындарға міндеттемелерді орындау керектігін жеткізіп отырамыз.  

 Азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттырып қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен айналысып жүрген Ұлттық Банк Ұлы жеңістің 75 жылдығына орай монеталардың бейнлеуіне ашық конкурс жариялады. Оған еліміздегі барлық азаматтардың қатысуына мүмкіндік бар. Ол үшін Ұлттық банктің ғаламтордағы парақшасына кіріп ақпарат алуына болады. Немесе өз туындысын Түркістандағы филиалға да тапсыруына болады.

Максут Айтжанов

Тақырып бойынша материалдар

ОНЛАЙН ҚҰРБАН ШАЛУ ШАРАСЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ?
18:47, 4 тамыз 2020
ОНЛАЙН ҚҰРБАН ШАЛУ ШАРАСЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ?
Толығырақ...
100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
18:34, 4 тамыз 2020
100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
ЖАҢАШЫЛДЫҚ -  ЖАҢА  НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ
15:04, 29 шілде 2020
ЖАҢАШЫЛДЫҚ - ЖАҢА НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ
Толығырақ...