ШҰҒЫЛ! «ТОРТИЛЛА» ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЗООБАҒЫ ЖАБЫЛАДЫ Толығырақ

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРГЕ ҚҰШТАР БАЛАЛАР

16:05, 15 қаңтар 2020

Еңбек ер атандырады. Ертеден жеткен ежелгі кәсіпке бүгінде бет бұрғандар аз. Дегенмен, заманауи бағытпен, зергерлік бұйымдар мен ағаш өңдеу өнерін қайта жаңғыртуға құлшыныс танытқандар бар. Солардың бірі - Дамир мен Рамазан есімді жас жеткіншектер.

Дамир Амантай - Майшай Әбенова атындағы жалпы орта мектебінің 8 сынып оқушысы. Мектеп табалдырығын аттағалы сурет салғанды ұнатады. Қағілез бала аз уақыттың ішінде зергерлік өнерді үйреніп, бүгінде қазақтың оюы бейнеленген сырға, білезік, сақина жасаған.   

Дамир Амантай - жас зергер

Түркістан қаласының балалар қолөнер мектебінің зергерлік үйірмесіне қатыстым. 1 жылдан астам уақыттай болды. Ас қызығушылықпен келдім. Бос уақытымда осы зергерлік бұйымдарды жасаумен айналысамын. Қазіргі таңда жасаған 20 шақты бұйымдарым бар.  Алдағы уақытта Қазақстанға әйгілі зергер болғым келеді.

Бүгінде Түркістан қалалық қолөнер мектебінің бірінші сыныбында 8-ге жуық бала зергерлік сабағына келеді. Солардың арасынан Дамирдың  ерекше қарым-қабілетін, еңбекқорлығын байқаған ұстазы шәкіртінің болашағына сенеді.

Сұлтанғали Әбдірайым - ұстаз

Дамирдың негізгі ерекшеліктері ол осы жылы ғана келді оқу жылына. Сонымен қатар, қатарластарының қасында қабілеті жоғарылығын байқадым. Бізде анықталып қойға жаттығулар бар, сол тақырыптарды орындау барысында Дамир  жоғарғы тәжірибесін, қабілетін көрсетті. Қатарластарынан оқ бойы озып тұрды.

Ал, 13 жасар Рамазан - ағаштан ою ойып, тұрмысқа қажетті заттар жасайды. Тігінші анасының ізін қуған жас жеткіншек  болашақта өз кәсібін осы ағаш өнерінен бастағысы келеді. Шығармашылық жұмысында қобыз, кәдесыйлар мен астау бар. Аса төзімділікті қажет ететін  бұл өнерді кішкентай Рамазан болашақта кәсіпке айналдырғысы келеді.

Рамазан  Бекалыұлы - жас ағаш шебері

Астауды ою үшін де шыдамдылық, қабілет, ынтаң болу керек. Астауды егер ол су болса 3-4-5-6 айға дейін созылады. Өйткені ол кебуі керек. 3-4 айда кебеді. Және оның ішін ою керек.  Болашақта өзім бір кәсіп ашып алғым келеді. Осындай қолөнер мектебін ашып, көп балаларды оқытқым келеді.

Қаныбек Рысбеков -  ағаш өңдеу пәнінің мұғалімі

Бұл жердегі балалар өз еркімен келіп үйренеді. Ағаш өнерін толық, жалпы басынан бастап үйретеміз. Қазіргі таңда 28 бала оқиды. Аптасына 3 рет келеді. Жұмсақ ағаштардан бастаймын. Сосын қара ағаштар мен қатты ағаштарды үйретеміз. Балаларға бірінша бағыт көрсетеміз алып кететінде қылып. Бұл жерде ең бірінші ерік-жігер керек. Ерінбеген етікші болады демекші, қолынан бакелетін бала істейді.

Мадина Әсембек - журналист

Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер демекші, мына балаларды ағаштан ою ойып, ерекше бұйым жасауы қуантарлық дүние.  Мәселен мына бұйымның жасалу мерзімі бір аптаны қажет етеді.

Еңбек. Еңбек бәрін жеңбек. Жас таланттардың  ежелгі кәсіпті игеруі - салт-дәстүріміз бен әдет-құрыпымыздың  жоғалмауына ықпал етпек. Сондықтан мұндай жастарды қолдап, өнерін бағалау керек.


 

Тақырып бойынша материалдар

ОРДАБАСЫ»  ЖАҢА МАУСЫМДАҒЫ ДАЙЫНДЫҒЫН АНТАЛИЯ ДА ЖАЛҒАСТЫРУДА
19:12, 24 қаңтар 2020
ОРДАБАСЫ» ЖАҢА МАУСЫМДАҒЫ ДАЙЫНДЫҒЫН АНТАЛИЯ ДА ЖАЛҒАСТЫРУД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар