ШҰҒЫЛ! ӨЖЖ АППАРАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛАДЫ Толығырақ

ҰЛТТЫҚ ӨНЕР РУХАНИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТАДЫ

19:11, 20 қараша 2020

Бүгінде рухани санамызды жаңғыртуда – ұлттық өнеріміздің насихатталуы өте маңызды. Ал, дәстүрдің дәріптелуі алдымен көзбен көріп қана жадыға жатталады. Осыны ескерген жоғары оқу орын қабырғаларында бейнелеу өнері көрмелері жиі ұйымдастырылады. Бұл жолғы шара Silkway университетінде жалғасты. Бұл Елбасының «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласында айтылған ұлттық өнерді дәріптеу, дейді суретші.

Шарада байырғы сызу өнерінен қазіргі заман талабына сай картиналар қойылған. Бұл туындылардың авторы оқу орынның үздік бітіуші түлегі- Гаухар Орақбай. Ол халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы. Студент 4 жыл бойы жинаған еңбектерін қосып, көрме ұйымдастырған. Шығармашылық кеште Бейнелеу өнеріне еңбегі сіңген бірқатар суретшілер бас қосты. Ұлттың терең тарихын қыл қаламда сөйлеткен  шебердің  түрлі суреттері мен мүсіндері    келушілерге  рухани күш берді.  Өйткені, қарт тарихтың қойнауына енген қиянкескі оқиғалар   кімді болсын тебірентпей қоймайды.    Сананы сілкіндіретін     мұндай шараларды жиі  ұйымдастыру   бай мұраларымызды  келер ұрпаққа қастерлеп қалдыруды көздейді.          

                          

Гаухар Орақбай - Silkway университетінің 4 курс студенті

Д.Өмірзақова                                                                                        

Тақырып бойынша материалдар

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді
19:36, 27 қараша 2020
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар