ШҰҒЫЛ! ӨЖЖ АППАРАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛАДЫ Толығырақ

ҰЛТТЫҚ ПАРК – ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ

16:17, 29 маусым 2020

Өсімдіктің 1635 түрі, сүтқоректілердің 59 және құстың 300 түрі кездесетін Сайрам-Өгем Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі еліміздің табиғаты тамаша әсем орны. Ондағы өсімдіктер мен жануларлар дүниесін қорғап, сақтап қалуда қызметкерлердің еңбегі ерен. Табиғатты қорғау жұмыстарын жеке-жеке үш аймаққа бөлінгендіктен мұнда келуші туристтердің де саны жыл санап артып келеді.

Мұнда бекітілген аумақты күнде аралау, парктің табиғи байлығын сақтауды қамтамасыз ету, браконьерлерлерді алдын-алу үшін парктің инспекторлары күндіз-түні осында. Сондай-ақ, экскурсия барысында туристерді бастап жүру мен өрт қәуіпсіздік шаралары осы парктегі қызметкерлердің тағы бір негізгі міндеті. Тәжірибелі жолсерік мамандар мұндағы әр өсімдік пен жануарлар жайлы көптеген мәлімет беріп, қоршаған ортаның маңызын арттырады.

Шыңғыс Шуменов - Сайрам-Өгем Мемелекеттік Ұлттық табиғи паркі, жануарлар дүниесінің өсімін молайту бөлімінің бастығы   

Ұлттық парктің басшылары экологиялық туризмді бұдан ары дамыту үшін алдағы уақытта қосымша туристік бағыттар ашуды, мініс аттарының санын көбейтіп, қысқы туризмді ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұл қадамдар саябақтың туристік әлеуетін одан ары арттыра түспек. Шынында да туған өлкеміздің табиғаты әлемдегі мақтаулы елдердің ғажайыптарынан кем емес!..

Нұрсұлтан Мұхамеджан                                                 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді
19:36, 27 қараша 2020
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар