ШҰҒЫЛ! ӘКІМ УӘДЕСІНДЕ ТҰРДЫ,ТҰРАНҒА АТ БАСЫН БҰРДЫ Толығырақ

ҰЛТТЫҚ ҰЛАН – ҰЛТ ҚАЛҚАНЫ

16:25, 23 тамыз 2019

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Айгүл Қаппарова Шымкенттегі №6506 әскери бөлімінде болды. Ұлттық ұлан қызметкерлерімен кездесіп, әскери қызметшілердің талап-тілегін тыңдады. Әскери бөлімде ағымдағы жөндеуден өткен жаңа мұражайдың ашылу салтанатына қатысты.

Қазір Ұлттық ұлан сапында 30 мыңнан аса сарбаз бар. Олар еліміздегі 11 стратегиялық және 3 бірдей маңызды мемлекеттік нысанды күзетеді. Бұл Шымкенттегі №6506 әскери  бөлім. 1961 жылы құрылған.  58 жылдық тарихы бар. ҚР  Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары  Мұхаметқали Сатов   пен  ҚР Парламенті Сенатының депутаты Айгүл Қаппарова қайта жөндеуден өткен мұражайдың  лентасын қиды.

Мұхаметқали Сатов  - Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары  

-Бүгін біз  6506 әскери бөлімінде Ұлттық ұланның осы мұражайды ашып отырмыз. Бұл мұражайда осы әскери бөлімнің тарихы, и Ұлттық ұлан қайдай міндеттерді орындайды, қалай орындайды? Сол осы мұражайда көрсетіп отырмыз.
Мұражай үш  бөлмеден тұрады.  Бас-аяғы 1000-ға жуық жәдігер қойылған. Көне қару - жарақ, әскери киімдер, тіпті  майданда қаза тапқан солдаттардың  қаны тамған топыраққа  да орын тиіпті.  Мұражай жұмысымен танысқан Сенатор  Айгүл Қаппарова әскери қызметшілер мен ашық форматта кездесу өтізді. Кездесуде күштік құрылым қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелелері сөз болды.

Нұрлыбек  Досыбай  - 6506 әскери бөлімінің офицер-тілшісі

-Пәтермен қамту мәселесі одан кейін еңбек өтіліне байланысты кейбір түйткілдер бар. Яғни, біз тәуелсіздік алғанға дейінгі әскери салада  қызмет еткен азаматтар бар. Одан тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдерде мерзімді қызмет еткен азаматтар бар. Олардың мәселелерінің бәрі қолданыстағы заң  аясында түпкілікті шешіледі деп ойлаймыз. Сол мақсатта әскери бөлімге Парламент  Сенатының депутаты Айгүл Жарылқасынқызы келіп отыр.

Бүгінде Ұлттық ұлан сарбаздары айрықша тапсырмаларды орындайды.Еліміздегі   44 түзету мекемесіндегі тәртіпті күзетеді. Жасақ құрылғалы қоғамдық  тәртіпті бұзған 50 мыңнан аса күдіктіні матап үлгерген.  

Н. ӘЛІМБАЕВ         

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР ҚАРУ-ЖАРАҚ  ҰРЛАП  ҚАШҚАН
18:06, 20 ақпан 2020
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР ҚАРУ-ЖАРАҚ ҰРЛАП ҚАШҚАН
Толығырақ...