ШҰҒЫЛ! СУ ҚҰБЫРЫ ЖАРЫЛЫП, БАСПАНАСЫЗ ҚАЛДЫ Толығырақ

ҰЛЫ АҚЫННЫҢ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

14:40, 9 шілде 2019

Биыл Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл! Осы датаға орай Шымкент қаласында 1200 орындық жекеменшік жаңа мектеп пайдалануға берілді. Ғимараттың ашылу салтанатына қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов арнайы қатысты.

Биыл ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай Шымкенттегі құрылысы жаңадан аяқталған білім мекемесіне ұлы ақынның есімі берілді. Бұл түркі жұрты үшін ортақ классик ақынға деген құрметтің белгісі.

1200 орынға лайықталған жекеменшік жаңа мектепте 2 ауысымда 2 жарым мың оқушы білім алатын болады. Мектепте балалардың толыққанды білім алуына барлық жағдай жасалған. Оқушылардың қолөнер, тігін тігу, түрлі өнер үйірмелері мен спорттық шараларға қатысуына мүмкіндігі бар. Мектептің ашылу салтанатына арнайы қатысқан қала әкімі осы мектептен озат оқушылардың шығатынына сенім білдірді.

Ғабидолла Әбдірахымов – Шымкент қаласының әкімі

-Мен, осы мектептен келешекте олимпиада жеңімпаздары, ертең ел басқаратын азаматтар, мұғалімдер, врачтар, экономиканы барлық салада үлкен үлес қосатын түлектер шығады деп мен сенемін.

Айта кеткен жөн, ҚР Білім және ғылым министрлігінің жаңа жүйесі бойынша жекеменшік мектептерге мемлекеттік тапсырыс бойынша жан басына қаражат төленеді. Бүгінде бұл жүйе бойынша қаладағы 11 мектеп еніп, барлығы 4200 оқушы білім алып келеді.

Р. Бақытжанқызы                                                                               

 

Тақырып бойынша материалдар

АТАУЛЫ  ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК САЙРАМДЫҚТАРҒА ДЕМ БЕРІП ТҰР
18:05, 22 тамыз 2019
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК САЙРАМДЫҚТАРҒА ДЕМ БЕРІП ТҰР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...