ШҰҒЫЛ! ОТЫРАРДА ШИПАЛЫ ШҰБАТ ӨНДІРІСІ ӨРКЕНДЕП КЕЛЕДІ Толығырақ

«ҰЛЫ ДАЛА САЗЫ» ЖОБАСЫ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТАДЫ

17:56, 11 қаңтар 2019

Алдағы жексенбіден бастап «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында «Ұлы дала сазы» атты жаңа музыкалық жоба көрерменге жол тартады. Музыкалық жобаның мақсаты - атадан-балаға мұра болып келе жатқан төл өнерімізді дәріптеп, одан әрі дамытып, өскелең ұрпаққа жеткізу.

«Ұлы дала сазы»жобасы 2018 жылдың қараша айында түсірілген. Еліміздің барлық аймақтарынан 91 өнерпаз қатысып,  жалпы 177  шығарма жазылды . Оның ішінде 16 термеші, 34 күйші, 39 әнші, 2 жыршы өз өнерін көрсетті. Музыкалық жоба 17 концерттен тұрады, ұзақтығы 1 сағат. Ұлттық арнадан 13 қаңтардан бастап, 28 шілдеге дейін аптасына бір рет әр жексенбі кешкі сағат 21.05-те көрсетілетін болады.Айта кетейік, Ұлттық арнадағы «Ұлы дала сазы» жобасына еліміздің дәстүрлі өнер майталмандары Секен Тұрысбеков, Қажыбек Бекбосынов, Біләл Ысқақов, Рамазан Стамғазиев, Сәуле Жанпейісова сынды өзге де дәстүрлі өнер майталмандары қатысады. Музыкалық жобада қазақ халқының әндері мен қазақ композиторларының шығармалары орындалатын болады.

Ерлан Қарин – «Qazaqstan» Республикалық телерадио корпорациясының Басқарма төрағасы

МАДИНА ӘСЕМБЕК

Тақырып бойынша материалдар

40  МҰҒАЛІМ  СТАМБУЛДА ТӘЖІРИБЕДЕН  ӨТТІ
17:49, 15 қаңтар 2019
40 МҰҒАЛІМ СТАМБУЛДА ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚР ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫ ТҮРКІСТАН  ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ
17:09, 11 қаңтар 2019
ҚР ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ Т...
Толығырақ...