ШҰҒЫЛ! ТАРИХИ-МҰРАЛАР ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ Толығырақ

«ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ» МҰРАЖАЙЫ АШЫЛДЫ

14:01, 6 желтоқсан 2018

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ түрік халықаралық университетінде Елбасының "Ұлы Даланың 7 қыры" мақаласындағы құндылықтарды қамтыған мұражай жасақталды. «Ұлы Дала тарихы» деп аталатын мұаржай үш бөлімнен тұрады. Оның алғашқысына Түркістан оазисі төңірегендегі археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер қойылып отыр.

Олардың ішінде балбал тастар, ежелгі дәуірдегі теңге, құрал-саймандар, диірмен секілді тұрмыстық заттар бар. Ал екінші бөлім «Ұлы Дала тұлғалары» деп аталады. Мұнда Қазақ елінің ұлт болып ұйысып, мемлекет болып қалыптасуында көшбасшылық дара қасиетімен танылған тұлғылардың бейнелері ілінген. Ал, «Ұлы Дала тарихы суреттер тілімен» деген бөлімде қазақ халқының әлемдік өркениетке қосқан үлестері жайлы жан жақты баяндалады. Майлы боямен салынған 27 суретте Ботай мәдениеті, жылқыны қолға үйрету,  аң аулау, Отырар кітапханасы, Алтын адамды жерлеу секілді оқиғалар бедерленген. Сондай-ақ  суретшілер Тайқазанды құю процесін көрсете отырып, қазақтардың металл өңдеу ісін де асқан шебер болғанын көрсетеді. Айырықша айта кететіні, университет ұыжымы бұл дүниелердің ғылыми дерекке негізделіп, тарихи дәлдікпен  жасалуына айырықша мән берді.   

    ЛӘЗЗАТ ДИНАШЕВА – Қ.А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХҚТУ ОҚЫТУШЫСЫ, ТАРИХ ҒЫЛЫМЫНЫҢ  КАНДИДАТЫ

      Әрбір суретін тарихшылар, археологтар, суретшілер отырып, ақылдасып, әрбір деталіне көңіл бөлінді. Ол сол уақытқа тән болуы керек және ол ғылыми тұрғыдан дәлелденуі керек. Ешкім сырттан келгенде мынау олай болмаған деп айтпауы керек. Ең бастысы Ұлы Дала халқына тән жағдайларды көрсету керек болды.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

АЗАМАТТАРДЫҢ БАСПАНАЛЫ БОЛУЫ БАСТЫ НАЗАРДА
21:50, 18 қаңтар 2019
АЗАМАТТАРДЫҢ БАСПАНАЛЫ БОЛУЫ БАСТЫ НАЗАРДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҚТАРЫ МАҚАЛА МӘНІНЕ ҮҢІЛДІ
15:03, 16 қаңтар 2019
ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҚТАРЫ МАҚАЛА МӘНІНЕ ҮҢІЛДІ
Толығырақ...
АБАЙ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫС ЖЕТЕРЛІК
19:30, 14 қаңтар 2019
АБАЙ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫС ЖЕТЕРЛІК
Толығырақ...