ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ІШКІ САЯСАТ ЖӘНЕ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ КЕЛДІ Толығырақ

«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ТҮРКІСТАНЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОТОЭКСПЕДИЦИЯСЫ

18:26, 12 маусым 2019

«Ұлы даланың Түркістаны». Осындай атаумен Түркістанда республикалық фотоэкспедициясы басталды. Саяхат барысында еліміздің барлық аймақтарынан келген 12 кәсіби тілші тарихи орындардан таңғажайып суреттерді сөйлетпек. Бұл – Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

Республикалық деңгейдегі экспедицияға «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайымұлы бастаған бірқатар кәсіби фототілшілер қатыспақ ниетте.  Олар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен шығыс пен батыс аймақтардан  арнайы шақырылған.

 Асылхан Әбдірайымұлы – «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Фотоэкспедиция аясында тәжірибе алмасу,өзінің шеберлігін арттыру. Сұрақ-жауаптарына толық қанағаттанарлықтай мүмкіндік туғызу үшін осындай фотоэкспедиция ұйымдастырылып отыр. Бұл жер маған өте ыстық. Бұрынғыдан Түркістан бүгінгі келбеті өте жақсы жүруде.

Мейірбек – Қазақстандағы ең жас фототілшілердің бірі.  Орал қаласынан Түркістанға алғаш келуі.  Ол қасиетті қаланың тарихын терең меңгеріп, мол тәжірибе жинайтынына сенімді.

Мейірбек Ташкуранов – фототілші  

Түркістанға алғаш рет келдім. Осы жерден тарихтың терең қойнауында жатқан қала екенін көріп отырмыз. Сол себепті осы жерден түрлі жақсы кадрлар аламыз. Ең жас фотограю ретінде мен үшін үлкен тәжірибе болмақ.

 Тарихи орындардың таңғажайып сырын сөйлететін мамандар Түркістан, Кентау қалаларын, Созақ, Бәйдібек, Отырар, Сайрам сынды өзге де аудандардың киелі және туристік орындарын суретке түсіреді. Экспедиция 1 аптаға жалғасады.   Осы уақытта түсірілген  ерекше туындылар 17 маусым күні Түркістан қаласында өтетін «Ұлы даланың Түркістаны»  атты сурет көрмесінде көрсетіледі.

М.ӘСЕМБЕК                                      

 

Тақырып бойынша материалдар

СЫБАЙЛАСТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ҚОЗҒАЛДЫ
16:28, 23 тамыз 2019
СЫБАЙЛАСТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ҚОЗҒАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар