ШҰҒЫЛ! «ТОРТИЛЛА» ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЗООБАҒЫ ЖАБЫЛАДЫ Толығырақ

УНИВЕРСИТЕТТЕ СТОМАТОЛОГИЯ КЛИНИКАСЫ АШЫЛДЫ

14:01, 14 қаңтар 2020

Түркістандағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ жанынан стоматология клиникасы ашылды. Енді студенттер сол орталықта тәжірибеден өтіп, білімін теориямен ұштастыратын болады. Оған қоса тіс клиникасы жергілікті халықққа да ем-дом жасайды. Заман талабына толық жауап беретін емдеу мекемесі Түрік республикасы тарапынан қаржыландырылған.

Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина факультеті 2016 жылдан бері стоматолог мамандығы бойынша дәріс беріп келеді. Мұнда барлығы 858 студент тіс дәрігері мамандығы бойынша білім алуда.
 Данияр Өмірзақ - Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ 4-курс студенті
 Біз бұған дейін практиканы Түркістан қаласындағы басқа емханаларда өткізіп келдік. Енді мына жаңадан ашылған клиника бізге үлкен мүмкіндік беріп отыр.
Мұнда ұстаздар студенттердің теориялық білімдерін науқасты емдеу барысында  тәжірибеде көрсетеді. 18 заманауи фантомдар және протез-техникалық лабораторияларында жұмыстар жүргізіледі.
Мұхтар Ескендіров-  Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ стоматология кафедрасының меңгерушісі
Бұл клиника біздің студенттердің оқу базасы деп айта аламыз. Мұнда дуальді оқыту жүйесі болады. Студенттер алған білімін осында жетілдіреді. Тәжірибені осында өткізеді.  
Стоматологияны жабдықтауға Түрік республикасы толықтай қаржыландырды. Алдағы уақытта тағы да қаржы бөліп қажетті құралдарды алып беруге уәде беріп отыр.
 Мұса Йылдыз - Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ өкілетті кеңесінің төрағасы Клиникада  заманауи фантомдар, панорамдық рентген, протез-техника лабораториялары мен хирургиялық, терапиялық, ортопедиялық кабинеттер және балалар стоматологиясы жұмыс істейді. Алдағы уақытта тағы да 20 фантом алып береміз деп отырмыз.
Қазіргі таңда бұл клиника тек университет оқытушылары мен студенттерін ғана емдеп отыр. Себебі  бұл клиниканы Міндетті әлеуметтік медицина жүйесіне әлі қосылған жоқ.
Болатбек Абдрасилов - Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ректоры
Біз денсаулық  сақтау министрлігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасына міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша қосуға өтініш бердік. Сонда Түркістан қаласы мен облыс тұрғындарын емдейтін боламыз.
Жуырда бұл  клиниканың қызметі облыс тұрғындары үшін  қолжетімді әрі тегін болады.Ол үшін  құжаттар рәсімделіп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

 

Тақырып бойынша материалдар

ОРДАБАСЫ»  ЖАҢА МАУСЫМДАҒЫ ДАЙЫНДЫҒЫН АНТАЛИЯ ДА ЖАЛҒАСТЫРУДА
19:12, 24 қаңтар 2020
ОРДАБАСЫ» ЖАҢА МАУСЫМДАҒЫ ДАЙЫНДЫҒЫН АНТАЛИЯ ДА ЖАЛҒАСТЫРУД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар