ШҰҒЫЛ! 700 КЕЛІ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ Толығырақ

ҰРЛЫҚ-ҚАРЛЫҚ ТИЫЛМАЙ ТҰР

19:10, 24 қаңтар 2020

Қаратау ауданының тұрғындары өркенниет игіліген дән разы. Тұрғындар ауыз су,газ, жарық мәселесі оң шешілгенімен ел арасында ұрлық-қарлық тиылмай отыр,-деп ашынуда. Алайда бұл мәселеге құқық қорғау органының өкілдері емес, әкім жауап берді. Жергілікті халыққа өткен жылды қорытындылап есеп берген аудан әкімі кез-келген мәселе биліктің бақылауында болатынын жеткізді.

Мырзабек Орынбаев – Қаратау ауданының әкімі

Біз көшеде 23 рет ұрлық болды. Рахмет, суына да, газына да басқасына да ризамыз. Бірақ неге осы ұрлықтың тиылмай тұрғанын түсіне алмай-ақ қойдық біз. Осыған жауап беретін адам бар ма?

Абзал Әліқұлов – Қаратау ауданының әкімі

Бұл мәселеге мен құқық қорғау азаматтарын тұрғызып қойып,жауап бер дегенім дұрыс емес. Бұл мәселеге мен өзім жауап беремін. Өйткені бұл менің есебім. Сондықтан түсіністікпен қараңыздар, кез-келген даулы мәселені өзім шешіп берем мен.

Аудан әкімінің қорытынды есебінде тұрғындар тарапынан сұрақтар да толастамады. Халық биліктің «жергілікті әкімді жиі ауыстыруын доғарса»,- деген тілектерін де айтып қалды. Сондай-ақ, үйді үйге газ тарту жұмысының қымбаттығын алға тартты.

Яхия Әбдіжәлел – Қаратау ауданының тұрғыны

Бір аралап көрсеңіз болады. Бізде газ тарту 250 мыңнан басталып, 700 мыңға дейін барады. Свет 200 мың. Бұдай болмайды ғой. Мұны біз мынау мемлекет меншігіне беруіміз керек қалайда.

Абзал Әліқұлов – Қаратау ауданының әкімі

Бұл мәселеге қатысты біз бірнеше рет қарадық. Зерттеу жүргіздік. Дәл қазір бізде тек көше бойына тартып береміз. Ары қарай тұрғындар өздері кіргізіп алуы керек. бірақ тұрғындарға көмек беруге тырысамыз. Бұл жұмыстарды қолға аламыз.

Тұрғындар мұнан өзге ауылшаруашылығы, кәсіпкерлік салалары бойынша туындаған қиындықтарын жеткізді. Салаға тиісті заңға өзгеріс енгізуге ықпал етуін сұрады. Сондай-ақ, көпбалалы аналар мен жалғызбасты әйелдерге берілетін жәрдемақыға қатысты сауалдың легі де толастамады. Әкім барлық мәселе заң шеңберінде шешілетінін жеткізді.

П.Биназарқызы                  

Тақырып бойынша материалдар

ТАЙЫНШАДА ҚОНЫС АУДАРУШЫЛАРҒА  МӨЛТЕКАУДАН САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:25, 1 қазан 2020
ТАЙЫНШАДА ҚОНЫС АУДАРУШЫЛАРҒА МӨЛТЕКАУДАН САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ ПЫСЫҚТАДЫ
13:24, 1 қазан 2020
ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ ПЫСЫҚТАДЫ
Толығырақ...
ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ 20-ҒА ЖУЫҚ АЗАМАТТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
13:23, 1 қазан 2020
ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ 20-ҒА ЖУЫҚ АЗАМАТТЫ ҚАБЫЛДАД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Л.К.Рамазанованың қатысуымен отбасы және гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жедел онлайн-кеңес өтті
17:06, 25 қыркүйек 2020
ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-дем...
Толығырақ...
БАҚШАДА  БАЛА  ЖОҚ...  ЕСЕСІНЕ  ӨНІМ  КӨП
15:50, 25 қыркүйек 2020
БАҚШАДА БАЛА ЖОҚ... ЕСЕСІНЕ ӨНІМ КӨП
Толығырақ...