ШҰҒЫЛ! ЖАНЖАЛ КЕЗІНДЕ ЖАРАҚАТ АЛДЫ Толығырақ

ҮШ БІРДЕЙ БҮЛДІРШІНДІ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

12:51, 13 ақпан 2020

Түркістандық Ғазиз Нысанқұлов үш бірдей бүлдіршінді ажалдан аман алып қалды. Ол отқа оранған баспанадан үлкені 5 кішкентайы бір жарым жасар сәбилерді терезе арқылы ішке еніп құтқарған. Оқиға облыс орталығындағы мақта зауыт аумағында болған. Қыстың көзі қырауда алты баласымен далада қалған жанұяның жағдайы мен бейбіт күннің батыры жайлы тілші тарқатады.

 

Үш бірдей бүлдіршінді ажалдан аман алып қалған Ғазиздің сол күнгі оқиға әлі көз алдында. Жанып жатқан үйдің ішіне кіргенде босағада үрейленіп қалған үш сәбидің   бейнесі көз алдынан кетпейтін көрінеді. Әйтеуір балаларды аман алып қалғанына қуанады

Ғазиз Нысанқұлов – Түркістан қаласының тұрғыны

Төбеден жанып тамып жатыр. Сонымен мына беттен терезеден кірейін десем ол бөлмеде жанып жатыр екен. Сосын арғы терезені бұзып сол жақтан кірдім. Сосын нымшаны жамылып алып кіріп, есіктің аузында тұрған үш бөпені терезеден алып шығардым. Қайта кіруге мүмкіндік жоққой.

Шум: үйде қызым болған ол есікті ашып қалғанда лап ете қалыпты.

Өрт үйдің шатырынан шыққан. Қызыл жалынға оранған бөлменің төбесі опырылып құлайды. Үйде бауырларына қарап отырған  Әлімхан ағаның үлкен қызы  қашып шығып көмек сұрайды. Үш кішкентай ішкі бөлмеде қалып қояды.

Мақсұт Жарылқасын – тілші

6-ақпанға дейін тоғыз адамға пана болған мына үйдің сау тамтығы қалмаған. Тілсіз жаудың құшағында қалған баспананың иелері бүгінде уақытша жалдамалы пәтерге көшіпті. Үй иелерінің айтуынша өрт кезінде бірде-бір дүние мүлікті аман алып қалуға мүмкіндік болмаған. Дүниені айтпаған балаларының мектепке киетін киіміне дейін өртеніп кеткен.

Баспаналары өртеніп кеткен Назарбековтар шаңырағындағы алты перзенттің 3-еуі мектепке барады. Отағасы базарда. Айлығы 50 мың теңге. Ал, отанасы жұмыссыз. Шиеттей бала-шағаның тамағы мен киімі мемлекеттен берілетін жәрдемақы мен отағасы тапқан айлықтан. Енді оған пәтерақы мен балалардың киімі қосылды.

Әлімхан Назарбеков – Түркістан қаласының тұрғыны        

Айлығым 50 мың. Сонымен күнкөріп отқанбыз. Кредитіміз бар. баспасыз қалдық енді. Қазір квартирадамыз. Балдарға қиын. Ол өзінің үйренген үйі болмаған соң. Өз үйі жақсы ғой.  

Үй иесінің айтуынша өрттің тұтануына электр желілерінің тұйықталуы себеп болған көрінеді. Сондықтан оларға мемлекет тарапынан ешқандай қолдау жоқ. Ал, ақпанның аязында баспасынан айырылған отбасы биыл жазда қайтадан үй салып алуды армандайды. Бірақ келте жіп күрмеуге келмей тұр.  

М. Жарылқасын                                        

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН 12 ҚАЗАНҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛАДЫ
21:59, 25 қыркүйек 2020
ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН 12 ҚАЗАНҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ  ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛАДЫ
21:56, 25 қыркүйек 2020
ШЫМКЕНТТЕ ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛАД...
Толығырақ...
КОРОНАВИРУС ДЕРТІНЕ ШАЛДЫҚҚАН СОҢҒЫ НАУҚАС АУРУХАНАДАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ
18:47, 25 қыркүйек 2020
КОРОНАВИРУС ДЕРТІНЕ ШАЛДЫҚҚАН СОҢҒЫ НАУҚАС АУРУХАНАДАН ЖАЗЫЛ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПАЙЫЗСЫЗ  ПӘТЕРГЕ  ҚОЛ  ЖЕТКІЗ ДЕ, ЖИҺАЗ АЛ !
10:45, 23 қыркүйек 2020
ПАЙЫЗСЫЗ ПӘТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗ ДЕ, ЖИҺАЗ АЛ !
Толығырақ...
XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
18:56, 21 қыркүйек 2020
XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Л.К.Рамазанованың қатысуымен отбасы және гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жедел онлайн-кеңес өтті
17:06, 25 қыркүйек 2020
ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-дем...
Толығырақ...