ШҰҒЫЛ! ОНКОЛОГТАР ПЫШАҚСЫЗ ОТА ЖАСАУДА Толығырақ

ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

13:45, 26 қараша 2020

Жағымды жаңалық! Мақтааралда үшем дүниеге келді. Достық ауылдық округі Бескетік ауылының тұрғыны Асылзада Айнабекқызы бірден үш батырдың анасы атанып отыр. Қазіргі таңда нәрестелердің денсаулығы жақсы.

Алинұр. Бинұр. Бекнұр. Бұл Кенжаевтар шаңырағына шаттық сыйлаған сәбилердің есімдері.  Отағасының қуанышында шек жоқ.  Әзірге үшемдерді ажырата қоймаса да, бірдең шекесі торсықтай үш ұлдың әкесі атанып, марқайып жүр. Ал, жас ана үшемнің өмірге келуін-Алланың ұлкен сыйы деп  отыр. Қазір нәрестелердің де, өзінің де денсаулығы ойдағыдай.

Асылзада Айнабекқызы –Үшемнің анасы

2000 жылы дүниеге келгем. Қазір Бескетік ауылының тұрғынымын. 2019 жылы женлтоқсанда осы жаққа тұрмысқа шыққанмын.Күйеуім үйдің жалғыз баласы. Ең алдымен алланың арқасында осы үшемді дүниеге алып келіп отырмын. Шымкент қаласындағы перинитальды орталықта дүниеге алып келдім. Жүктіліктің 35 апталығында кесір мені ота арқылы босандырып алды.

Айта кетейік, өмір есігін ашқан  үш ұл жүктіліктің 35- аптасында  Түркістан қалалық периниталды  орталығында кесір тілігі  арқылы туылған.   Алғаш туылған кезде,  сәбилердің салмақтары  2600, 2400, 2500 кг болған. Қазіргі таңда жаңа туылған нәрестелердің   жағдайын ауылдық емханадағы арнайы мамандар бақылауға  алған.  

Анар Жумаева -   дәрігер

Жүктілік барысында ешқандай шағымы болған жоқ. Дәрігерлермен бірге уақытылы қарап, уақытылы көріп тұрдық.Құдайға шүкір үшемдердің жағдайы жақсы. Балалардың жағдайы жаман емеc.Кеше барып, олардың температуралараларын өлшегенде  37,5 36,4  36,5болды. Анасының қан қысым 100 60 болған.АЯғында аздап қана ісігі бар

Сәби сүйіп, ана атану үлкен қуаныш.  Жас ана алғашқы сәбилері үшем болғандықтан, жауапкершіліктің арта түскенін айтады.  

Айдана Қуанышқызы                                                  

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 12 АЙ ІШІНДЕ 654,2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
18:38, 20 қаңтар 2021
ШЫМКЕНТТЕ 12 АЙ ІШІНДЕ 654,2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
Толығырақ...
ҚАЗЫБЕК БАЗАРЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ТЕГІН САУДА ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ
18:35, 20 қаңтар 2021
ҚАЗЫБЕК БАЗАРЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ТЕГІН САУДА ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар