ШҰҒЫЛ! ТАРИХИ-МҰРАЛАР ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ Толығырақ

ҮШЕМ ӘКЕЛГЕН АНАҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

22:25, 8 ақпан 2019

«Қайырымды жандар көбейсе, игілік пен ізгіліктің есігі ашылады»,- деген рас. Күні кеше ғана жаңалықтарымыздан үшем туған көпбалалы отбасының барар жер, баспанасы жоқтығын айтып, көпшіліктен жәрдем сұраған едік. «Оңтүстік» телеарнасының түсірілімінен кейін елдегі жаны жомарт жандар қол қусырып отыра алмапты. Арнамызға хабарласып, алты баланың анасына уақытша паналай тұру үшін 3 бөлмелі пәтерді жалдап тұруға ықпал етіп отырғанын жеткізді.

  Тағдыр тауқыметін тартқан көпбалалы ананың жағдайы дүйім жұртты бей-жай қалдырмады. Фазила Досметоваға шаһардың қақ ортасынан 3 бөлмелі пәтерді жалға алуға демеушілер тарапынан көмек көрсетіліп отыр. Игі іске әуелі Шымкент қаласындағы мешіт имамдары мұрындық болыпты.  

 Мұхаммеджан Естеміров -  ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкіл имам орынбасары

Атымтай жомарт жандардың көмегінің арқасында енді көпбалалы ана ауруханадан шыққан соң, жайлы да жылы пәтерге келіп жайғасатын болады. Еске салсақ, Бәкір, Әли, Омар есімді үшемдерден бөлек, Фазиланың 3 перзенті бар. Қазіргі уақытта бұл жанұяға Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлері де қол ұшын бермек. Билік өкілдері үшемнің анасы мемлекет тарапынан көпбалалы отбасына берілетін тиісті әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етуін қатаң қадағалауда ұстамақ.

Гүлсанат Қалмырзақызы – тілші

Егіз қозы туылса, шөптің басы айыр шығады деген осы. Кеше ғана еңірегенде етек жасы көл болған көпбалалы ананың қуанышында шек болмасы анық. Уақытша берілген баспана болса да, қамкөңіл жандарға бұл үлкен қамқорлық. Билік өкілдерінің сөзіне сенсек, қазір үшемнің анасы мемлекеттік тұрғынүй кезегіне тіркелді. Енді қашан үй кезегі келгенше, осы пәтерде тұра беретін болады.

Гүлсанат Қалмырзақызы

Тақырып бойынша материалдар

АВСТРИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫ НЫҒАЙДЫ
22:39, 22 ақпан 2019
АВСТРИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ БАЙЛАН...
Толығырақ...
АНАЛАР КЕҢЕСІНДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
18:22, 22 ақпан 2019
АНАЛАР КЕҢЕСІНДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОЛ  КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН  ЧЕМПИОНАТЫ  БАСТАЛДЫ
12:43, 18 ақпан 2019
ҚОЛ КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
13 ЖАСАР БАЛА 2 СӘБИДІ ӨРТТЕН АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ
17:26, 18 ақпан 2019
13 ЖАСАР БАЛА 2 СӘБИДІ ӨРТТЕН АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА  «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ»  АШЫЛДЫ
20:28, 20 ақпан 2019
ТҮРКІСТАНДА «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ
Толығырақ...