ШҰҒЫЛ! 284 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШЫМКЕНТТІК 42 500 ТЕҢГЕДЕН АЛДЫ Толығырақ

ҮШЕМДЕР ҮЙЛЕРІНЕ ШЫҒАРЫЛДЫ

18:26, 7 сәуір 2020

Шымкентте үш баланың анасы үшемді дүниеге алып келді. Қалалық перинаталдық орталықтың дәрігерлері мерзімінен бұрын туған үшемді аман алып қалды. Бес күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан сәбилердің беті бері қарап, бір айға жуық арнайы күтім жасайтын бөлімшеде дәрігерлердің бақылауында болған. Қазір жағдайлары жақсарып, үйлеріне шығарылды.

жағдайлары жақсарып, үйлеріне шығарылды.

Шымкенттің үшінші үшемі 16 наурызда дүниеге келген. 34 жастағы Арайлым Сембиеваға шұғыл түрде ота жасалып, сәбилер айы-күні толмай дүние есігін ашқан. Қалалық перинаталдық орталық дәрігерлерінің қатаң бақылауында болған шақалақтардың әрқайсысы бүгінде салмақ қосып, жағдайлары жақсарған. «Қазір олардың өміріне еш қауіп жоқ», - дейді мамандар. Жақындары нәрестелерге Медина, Алина және Ясина деген есім беріпті. Үшемдерді үйінде күтіп отқан 2 ағасы мен бір әпкесі бар. Дәрігерлердің біліктілігі мен тынымсыз еңбегінің арқасында балаларын аман-есен бауырына басып, перзентханадан шыққан ана ақ халаттыларға алғысын білдірді.

Арайлым Сембиева – үшемнің анасы

Дәрігерлер өте жақсы қызмет көрсетті.  Жақсы қарым-қатынаста болды. Барлығына алғысымды білдіремін.

Тақырып бойынша материалдар

2448 ЖЕР УЧАСКЕСІ  МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫНА ҚАЙТАРЫЛАДЫ
18:26, 29 мамыр 2020
2448 ЖЕР УЧАСКЕСІ МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫНА ҚАЙТАРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАҚСАРЫП, ТИІМДІЛІГІ АРТАДЫ
18:21, 29 мамыр 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАҚСАРЫП, ТИІМДІЛІГІ АРТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН  69 АДАМ   ТІРКЕЛДІ
14:09, 26 мамыр 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 69 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...