ШҰҒЫЛ! ЕСІРТКІ ТАСЫМАЛДАУШЫ СТУДЕНТТЕР ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ҮШІНШІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ХҚО АШЫЛДЫ

19:52, 15 қараша 2019

Шымкентте көлік жүргізушілер үшін үшінші мамандандырылған ХҚО ашылды. Енді көлік иелері Бекжан сауда орталығынан өз автокөліктерін қайта тіркеп, жүргізуші куәліктерін ауыстыра алады. Салтанатты рәсімге ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Данабек Исабеков, белгілі кәсіпкер Әмірхан Шүменов қатысты.

Дайын құжаттарды қабылдау және беру үшін жаңа орталықта 40 инспектор жұмыс істейді. Орталық толықтай жаңа жиһазбен жабдықталған, ал көлік тұрағында екі мыңнан астам автокөлікке орын қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пандус қойылған, шақыру түймесі жұмыс істейді. Мамандандырылған ХҚО мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде, яғни жалға алу шығынынсыз жұмыс істейді. Филиал коммуналдық қызметтердің ақысын ғана төлейді.Естеріңізге сала кетейік, жаңа ХҚО – Шымкент қаласындағы 10-фронт-офис. Бұған дейін қалада 11 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істеген, оның ішінде көші-қон ХҚО мен екі мамандандырылған ХҚО бар.

Қасым Аманжолов – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары

Нұрсұлтан   Әбдірашит                

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ
17:57, 23 қаңтар 2020
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШАПЫРАШТЫЛЫҚТАРҒА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КЕРЕК
19:45, 17 қаңтар 2020
ШАПЫРАШТЫЛЫҚТАРҒА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КЕРЕК
Толығырақ...
ҰБТ ТАПСЫРУШЫЛАРҒА ҚАТАЛ ТАЛАП ҚОЙЫЛДЫ
14:12, 17 қаңтар 2020
ҰБТ ТАПСЫРУШЫЛАРҒА ҚАТАЛ ТАЛАП ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...