ШҰҒЫЛ! ОНКОЛОГТАР ПЫШАҚСЫЗ ОТА ЖАСАУДА Толығырақ

ҰШУ ШЕБЕРЛІГІ ШЫҢДАЛДЫ

15:19, 14 қаңтар 2021

Шымкенттегі авиабазада жаңа оқу жылындағы алғашқы командирлік ұшулар өтті. Бұл іс-шара жауынгердің шеберлігін шыңдау мақсатында ұйымдастырылды. Тәжірибелік сабақ барысында әскерилерге қосалқы аспаптар бойынша бақылап ұшу, қону жүйесін түсіндіру, көліктік тікұщақтарда ұшу пысықталды. Осылайша, ұшқыштардың жауынгерлік дайындық жүйесіндегі қателіктер мүмкіндігі толығымен шегеріледі.

Жалпы, командирлік ұшулар – бұл бөлімше командирлерінің іс-әрекеттерін шыңдап, одан кейін өз қарамағындағы жеке құрамға біркелкі және әдістемелік тұрғыдан дұрыс оқытуға мүмкіндік беретін шеберлік сабақтарының бір түрі. Әдетте, мұндай  командирлік ұшулар буын командирі және одан жоғары ұшқыштар құрамымен тоқсанына бір рет өткізіледі.  Авиацияда оқыту қарапайымнан күрделіге өтеді. Әр-түрлі санаттағы командирлер ұшу экипаждарын бірыңғай, тексерілген жүйе бойынша дәріс өткізеді. Алдағы оқу жылында Шымкенттегі авиациялық базаның ұшқыштарын тағы да көптеген командирлік ұшулар күтіп тұр. Оқу-жауынгерлік іс-шаралар шеңберінде олар түнгі жағдайларда және метеорологиялық минимум кезінде қонуды, шағын және шекті төмен биіктіктерде ұшуды пысықтайды. Бұдан басқа, ұшқыштар топтық ұшу және іздестіру-құтқаруды қ қамтамасыз ету мәселелерін шешетін болады.

Бауыржан Сыздықов – Авиация  командирі

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 12 АЙ ІШІНДЕ 654,2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
18:38, 20 қаңтар 2021
ШЫМКЕНТТЕ 12 АЙ ІШІНДЕ 654,2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
Толығырақ...
ҚАЗЫБЕК БАЗАРЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ТЕГІН САУДА ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ
18:35, 20 қаңтар 2021
ҚАЗЫБЕК БАЗАРЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ТЕГІН САУДА ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар