ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ Толығырақ

ҰСТАЗ ДӘРІГЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

12:42, 14 маусым 2019

Маусым айының үшінші жексенбісі - денсаулық сақшыларының төл мерекесі. Бұл күні ел медицинасының әлеуетін арттыруға сүбелі үлес қосып жүрген ақ халаттылар жеткен жетістіктерді саралап, межелі міндеттерді айшықтайды.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ Жоғары медициналық білімнен кейін білім беру институты аймаққа білікті дәрігер дайындауда көш бастап тұр. Іргелі оқу орнының шәкірттері үшін арнайы клиника жұмыс істеп тұр. Ол өз кезегінде ақхалақттылардың жан-жақты білім алуына жол ашады.  

Нұрлан Жаңабаев – Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ Жоғары медициналық білімнен кейін білім беру институты директорының орынбасары

Бізде студенттер үшін барлық жағдай жасалған. Рахметімізді айтамыз. Мынау медицина мамандарын даярлап отырғандықтан біз де дәстүрлі түрде осы кәсіби мерекені өткізіп тұрамыз.

Оқу орнында 1000-нан аса интерн білім алуда. Оның 30 пайызы биыл қолына диплом алып, маман атанбақ. Түлектердің жұмыспен қамтылуы да дұрыс жолға қойылған.

Айнұр Сариева – Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ Жоғары медициналық білімнен кейін білім беру институтының факультет деканы

Қазір студенттер үшін біз осы шараны ұйымдастырып отырмыз. Біздің студенттер жоғары білімді сапалы еңбек етуге бек дайын.

Дәрігер болу – аса жауапкершілікті талап етеді. Ісіне тыңғылықты қараған адам ғана халықтың дертіне дауа бола алады. Осылай деген ілкі буын кейінгі толқынды  Гиппократ антын өмірлік қағида деп санауға шақырды.

Асқар Сатқанбаев – Медицина саласының ардагері

Дәрігерлер ісіне адал болғанда ғана халықтың денсаулығы жақсы болады. Бүгінгі медиктерге менің көңілім толады. Мынау мерекелері құт ты болсын. Рахмет

Шарада медицина мамандарын даярлау ісінде үздік деп танылған бір топ оқытушы құрам облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Жиында ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­лері мемлекеттік көмектерге ризашылықтарын білдірді.

П.Биназарқызы              

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
17:42, 11 қараша 2019
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
Толығырақ...