ШҰҒЫЛ! БІЗ ПАРА БЕРМЕЙМІЗ! Толығырақ

ҰСТАЗДЫ ҰЛЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР

20:10, 29 қараша 2019

Спорт- денсаулық кепілі. Түркістанда волейболдан қалалық мектеп мұғалімдері арасында жарыс өтті. Осымен 15-ші рет ұйымдастырылып отырған турнир журналист, ұстаз Ғани Жақсылықұлы Ысқақовты еске алуға арналды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асқан шараны қалалық «Ұстаз» газеті ұйымдастырды.

Салауатты өмір салтын ұстану -  ұлт денсаулығының кепілі. Сондықтан бұқаралық спортты дамыту - табысты болашағымыздың негізі. Волейболдан ұйымдастырылған бәсекеге аймақтардан жиналған 32 мектептің ұстаздары өзара бақ сынасты.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп жатқан жарысқа қатысушылар  Ұстазгазетнің кубогі үшін таласқа түсті. Бұл еске алу турнирі дәл осы басылымға кезінде аянбай тер төгіп, халықтың көзі, һәм құлағына айналуына сеп болғанҒани Жақсылықұлының есімін өшірмеуге арналды.

Ақмарал Ғаниқызы - Ғани Жақсылықұлының қызы

Үш күнге созылған жарыстың нәтижесінде 4 мектептің командасы ақтық сынға жетіп, жүлделі орындарды өзара бөлісті. Атап айтқанда Р.Исетов атындағы №20 және №24 жалпы орта мектептерінің командалары ақтық сында жеңімпаз атанды.

М.ӘСЕМБЕК   

Тақырып бойынша материалдар

ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
13:11, 10 желтоқсан 2019
ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
Толығырақ...
13:10, 10 желтоқсан 2019
ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
13:10, 4 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
Толығырақ...