ШҰҒЫЛ! ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ

19:59, 18 қазан 2019

Түркістан қаласындағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде үстел теннисінен ересектер арасында Қазақстан Республикасының кубогін сарапқа салған жарыс басталды. Түркістан облысында тұңғыш рет жалауы көтерілген сайысқа еліміздің барлық аймағынан мықты деп танылған спортшылар келіп, бақтарын сынауда.

«Жастар жылы» аясында ұйымдастырылған жарысқа елімізден 11 команда, 100-ге жуық сайыпқыран қатысып, өзара шеберліктерін байқауда.Алдымен жарысқа қатысушы спортшылар, бәсекесінің салтанатты ашылу рәсімінде еліміздің әнұранын шырқап, көк туымызға тіктелді. Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған, Түркістан облысының үстел теннисі федерациясының президенті Балтабай Құрбанов жарысқа қатысушы өрендерді ашылу рәсімімен құттықтап, сәттілік тіледі.

БАЛТАБАЙ ҚҰРБАНОВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҮСТЕЛ ТЕННИС ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Тұңғыш рет жалауы көтерілген жарысты жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқан Түркістан облыстық №3-ші олимпиадалық спорт мектебінің директоры Шадияр Қондыбаев бұл тартысты сайыста жеңімпаз атаған спортшылар, Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсететінін атап өтті.

 ШАДИЯР ҚОНДЫБАЕВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ №3 ОЛИМПИАДАЛЫҚ СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Байрақты бәсекеге арнайы келген Қазақстан Республикасының олимпиадалық комитетінде үстел теннисінен ұлттық құраманың басшысы  Даулет Болатұлы мұндай жарыстарды көп өткізу арқылы елміздің спортының дамуына мол үлес қосатынын айтып, өз ойымен бөлісті.

ДАУЛЕТ БОЛАТҰЛЫ – ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ БАСШЫСЫ

Енді тартысқа толы жарыстың жеңімпаздары қазан айының 22-ші жұлдызында белгілі болады.

Асхат Мырзахметов                       

 

Тақырып бойынша материалдар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ
19:44, 22 қараша 2019
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар