ШҰҒЫЛ! АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Толығырақ

ҮЗДІК АСАБАЛАР АНЫҚТАЛДЫ

13:02, 16 мамыр 2019

Телеарнамыздың shymkenttv.kz интернет-ресурсында жарияланған «Үздік асаба» байқауы мәресіне жетті. Той-думанды қыздырып жүрген жиырмаға жуық асаба дауыс беру жүйесі арқылы өзара бақ сынады. Оңтүстік өңір тұрғындары үздіктерді анықтауға белсенді қатысқан. Бабы мен бағы қатар келген екі асаба көп ішінен дара шықты.

Байқауға қатысқан барлық өнерпаз осы өңірден шығып, алыс-жақын аймақтардағы қазақтың қазыналы тойын басқарып жүргендер. Қатысушылар жасына шектеу болған жоқ, ең үлкені ер жасы елуге таяса, ең кішісі асабалық өнерге енді қадам басқандар.

Бақытжан Жаңабаев – «Үздік жас асаба» номинациясының иегері                                                                                                

 Осындай байқау ұйымдастырып отырған «Оңтүстік» телеарнасына үлкен рахмет. Асабалар өзара белдесіп, мерейіміз өсіп қалды.

Бұл байқау - асабалардың сайлауы іспетті. Ең көп дауыс жинаған азамат автоматты түрде жеңімпаз атанады. Он тоғыздың ішінен  19 047 дауыс жинаған Жанатбек Молдадосов «үздік асаба» атанды. Асабалық өнермен жиырма жылдан астам уақыт айналысып жүр.  Ол осы байқауда өзі басқарған той иелері белсенді дауыс бергенін айтады.

Жанатбек Молдадосов – «Үздік асаба» байқауының жеңімпазы

Жалпы осы халықтың дауыс бергенінің арқасында «үздік асаба» атанып отырмыз. Осындай дәрежеге жеткізген алдымен халық. Байқауға көңіліміз тоқ. Қазақтың тойы бітпесін дейміз.

Дауыс беру 23 сәуір мен 8 мамыр аралығында жүргізілді. 15 күннің ішінде сайтқа кіріп, дауыс берушілердің саны 81 мыңнан асқан. Мұндай байқаулар shymkenttv.kz сайтында жиі  өтіп тұрады. Мақсаты өңірдегі әр түрлі сала мамандарының үздігін елге таныстыру.

Д.Нахыпбек

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАС ДӘРІГЕРЛЕР  КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
12:38, 17 шілде 2019
БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
Толығырақ...
СОЗАҚ ДИҚАНДАРЫ ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ ЭКСПОРТТАУДА
12:26, 18 шілде 2019
СОЗАҚ ДИҚАНДАРЫ ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ ЭКСПОРТТАУДА
Толығырақ...